×

"Ел бюджет дағдарысына тап болды": депутат мемлекет қарызы көбейіп кеткенін айтып, дабыл қақты

Ол ел экономикасында жылдар бойы мәселе көбейіп кеткенін

"Ел бюджет дағдарысына тап болды": депутат мемлекет қарызы көбейіп кеткенін айтып, дабыл қақты
Фото: parlam.kz

Мәжілістің сәрсенбідегі жалпы отырысында депутат Елнұр Бейсенбаев Қазақстан терең бюджет дағдарысын бастан кешіріп жатқанын, ал экономикада жылдар бойы мәселе көбейіп кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

"Мемлекет қарызы көбейіп барады. Шығындарымыздың үштен бірі сұрап алған қаражат есебінен жабылып отыр. Мемлекет пен үкіметтің үш жылдық берешегін өтеудің өзіне 6 трлн теңге керек, яғни сыртқы қарыз елдің төрт бюджетіне теңесті", - деп мәлімдеді Бейсенбаев. 

Оның айтуынша, кейінгі 10 жылда сыртқы қарыз 16,5 млрд долларға өсті, ал Ұлттық қор активі 17,5 млрд долларға азайды. Осының бәрі экономикада мәселе көбейгенін көрсетіп отыр. 

"Осыдан шығатын қорытынды – ел терең бюджет дағдарысына тап болды. Ол Ұлттық қор қаражатына тәуелді", - деді Бейсенбаев.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Ол еңбек жолын 2005 жылы Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімінде бастаған
Жаңа тұрғын үй құрылысы жыл сайын ұлғайып келеді
Омбудсмендер институты –  күрделі мәселелерді шешетін тәуелсіз орган

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →