×

Ресейде 1 доллар 125 рубльге жетті: экономист Қазақстан өндірушілеріне қауіп төніп тұр деп мәлімдеді

Сарапшы теңге үшін бірнеше тәуекел барын айтты

Ресейде 1 доллар 125 рубльге жетті: экономист Қазақстан өндірушілеріне қауіп төніп тұр деп мәлімдеді
Фото: Валерия Лузина/Фотобанк Лори

Белгілі экономист Расул Рысмамбетов бір доллардың 125 рубльге дейін қымбаттауы теңгенің келешегіне қалай әсер ететіні жөнінде ойын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Рубль санкцияның салдарынан әлсіреді. Біздің оған қатысымыз жоқ деп ойлайтын шығармыз. Алайда шын мәнінде, Ресей біздің ірі сауда серіктесіміз. 20 процент үлесімен Қытайдан кейін екінші орында тұр. Сондықтан, қалай десең де, ол бізге келеді», - деді экономист әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сарапшы теңге үшін бірнеше тәуекел барын айтты. Біріншіден, Ресейдің тауарлары күрт арзандайды. Ол Қазақстанның өндірушілеріне соққы болып тиеді. Импортшыларға да. Өйткені, Ресей нарығы үлкен. Егер Ресейден аз ғана тауар келсе, Қазақстан нарығының жартысын алып кетуі мүмкін. Қазақстан мұны шектеу үшін біржақты баж салығын енгізе алмайды. Себебі олай етсе, ЕАЭО шартын бұзған болып есептеледі. Экономист кеденде отандық өндірушілерді қорғау үшін басқа әдіс-амалдарды (мүмкін тарифтен тыс шектеулер) табу керек деп санайды.

«Бізде таңдау тұр: біз мұнай сатқаннан түскен долларларды өзіміздің өндірушілерге жұмсаймыз ба, әлде сол ақшаға тауарларды шетелден сатып аламыз ба? Белгілі бір уақыттан кейін бұлай кетсе, жұмыссыздық көбейіп кетеді. Ал бүкіл халықтың мұнайдың долларымен асырай алмаймыз. Біз ЕАЭО-дамыз. Бірақ соғыс болсын, болмасын өз өндірушілерін қорғау амалдарын ойластыру керек. Ең қымбат жолы – субсидия беру. Сонда тауар Қытайдан немесе Ресейден келген тауардан арзанға түседі. Халықаралық нарықта өз нарығын жабу амалдары да бар. АҚШ, Жапония, Швейцария секілді елдер өз өнеркәсібін дамытатын кезде бәсекеге қабілетті тауарды дамыту үшін бажды енгізген. Алайда мұның бәрінде сапа ескерілуі керек», - дейді ол.

Расул Рысмамбетов қазіргі жағдайда жауаптылар отырыс өткізіп, ойлануы керек деп санайды. Оның сөзінше, ақшамен ғана емес, «жылы құшақпен» Қазақстан билігі өз өндірушілерін қорғауы керек.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Бүгін екі елдің басшылары Ақордада келіссөз жүргізген
Инвестиция саласында да оң үрдіс байқалады
«Ақорда» резиденциясында салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →