×

Паника болмас үшін солай жасадық – Тимур Сүлейменов доллар жайлы түсініктеме берді

Депутаттар қайдан білетіні маған түсініксіз деді ол

Паника болмас үшін солай жасадық – Тимур Сүлейменов доллар жайлы түсініктеме берді
Сурет: kp.kz

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов депутаттардың «интервенцияға ақша жұмсаудың қажеті жоқ» деген ойымен келіспейтінін айтты, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Баспасөз мәслихатын өткізген Тимур Сүлейменовтен журналистер депутаттардың ойы жайлы сұрады.

Парламенттегілер «интервенцияға ақша жұмсаудың керегі шамалы, доллар бәрібір 700-800 теңгеге барады» деген. 

«Депутаттар? (күлді) Интервенция туралы жаңа ақпарат бердік. Депутаттар қайдан білетіні маған түсініксіз. Бірақ жалпы жоқ, интервенция жасағанымыз – апаттық іс-шара. Паника болмас үшін. Банктер мен обменниктер алдында адамдар тұрмас үшін жасалды. Сондықтан, осындай ақпараттық іс-шара қалыптаспаса ешқандай интервенция жасамаймыз. Ешқандай ниетіміз жоқ. Өйткені Ұлттық банктегі резервіндегі ақша. Оны нарықққа жұмсауға ешқандай ниетіміз жоқ. Нарық қалай жұмыс істейтінін көрейік. Соған сүйеніп, тиісті шараларды қабылдайтын боламыз», –  дейді Сүлейменов.

Ұлттық банк интервенцияға соңғы 15 күнде 1 млрд доллар жұмсаған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Елдегі саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар президент Юн Сок Ёльдің отставкаға кетуін талап етуде
Бұл жолы екеуі Рияд қаласында жолықты
11-12 қарашадағы Астана келіссөзінен кейін сириялық тараптар арасында сенімсіздік күшейген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →