×

Президент Тоқаев Франция Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Кеше Майотта аралында алапат дауылдан жүздеген адам қаза тапқан болатын

Президент Тоқаев Франция Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
Сурет: Akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президенті Эмманюэль Макронға Майотта архипелагында болған жойқын тайфун салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Qaz365.kz. Бұл туралы ресми Ақорда мәлімдеме жасады.

Президент қайтыс болған азаматтардың жақын-жуықтарына олардың қайғысына ортақтаса көңіл айтып, зардап шеккен адамдардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірдген.

Еске сала кетейік, кеше Майотта аралында алапат дауылдан жүздеген адам қаза тапқан болатын.Үнді мұхитындағы аралдарға жақында алапат циклон сағатына 200 шақырым жылдамдықпен соққы берді. Сұрапыл дауылдан үйлер жермен-жексен болып, телефон байланысы үзіліп, электр және су жүйесі істен шыққан.

Францияның уақытша ішкі істер министрі Бруно Ретайоның мәлімдеуінше, 321 мың адам тұратын Майоттаға циклоннан келген шығынды анықтауға бірнеше күн кетуі мүмкін екенін хабарлаған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
ҚТЖ-ға Даниал Ахметовтің күйеу баласын төраға етіп қоймады
Бүгін, 11:39

ҚТЖ-ға Даниал Ахметовтің күйеу баласын төраға етіп қоймады

Талғат Алдыбергеновтің теміржол саласында 35 жылдан астам еңбек өтілі бар.
Адам капиталын арттыруды ынталандыру қажеттігіне назар аударды.
Бұл тыйым заңда көзделген ерекше жағдайлардан басқа барлық жағдайларға қолданылады.
Президент Тоқаев тиісті заңға қол қойды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →