×

Түркістанда арақ ішуге және сатуға тыйым салынуы мүмкін

Парламентте «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» заң жобасы қаралып жатыр

Түркістанда арақ ішуге және сатуға тыйым салынуы мүмкін
Сурет: parlam.kz

Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров Түркістан қаласында арақ-шарап сатуға тыйым салуды ұсынды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бүгін парламенттің төменгі палатасында Түркістанның ерекше мәртебесі туралы заң жобасы қаралды. Депутат Ардақ Назаров осы заң аясында қалада арақ сатуға да, ішуге де тыйым салуды ұсынды.

"Түркістанды рухани астана деп отырмыз. Бүкіл қазақ осы жерден рух алуы керек, ол жерде бабаларымыз, әулие, батыр билеріміз жатыр. Ертең шетелден көп қонақ келеді. Сол кезде біздің азаматтарымыз арақ ішіп, алдынан шығатын болса, ұят қой. Сондықтан осы заң аясында арақсыз қала, рухани қала деп, араққа тыйым салуға бола ма?", - деді Назаров.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың айтуынша, облыста "Ішімдіксіз ауыл" жобасы қолдау тапты. Оған бір жылдың ішінде 30 ауыл қосылды.

"Аталған мәселе орынды. Алдағы уақытта заң жобасын қабылдап жатқаннан кейін бұл мәселені де тиісті заң нормалары аясында қарастыру қажет деп санаймыз", - деді Бейсенбай Тәжібаев.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев Қазақстан тауарларына баж салығын енгізуге қатысты Трампқа жауап берді
10.07.2025ж. 11:00

Тоқаев Қазақстан тауарларына баж салығын енгізуге қатысты Трампқа жауап берді

Тоқаев сауда проблемасына қатысты ортақ мәмілеге қол жеткізуге болатынына сенім білдірді.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →