×

Асхат Аймағамбетов мұғалімді шырша безендіруге жібергендерді жазалауды талап етті

Ол бұл ретте нақты шаралар қажет екенін айтты

Асхат Аймағамбетов мұғалімді шырша безендіруге жібергендерді жазалауды талап етті
Фото: primeminister.kz

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Семейде шыршаны безендіруге барған кезде құлап, жансақтау бөліміне түскен мұғалімнің оқиғасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Семей қаласында мұғалімдерді шырша орнатуға тартып, соның салдарынан бір мұғаліміміздің ауыр жарақат алғаны алаңдатты. Мұндай жағдайды жай ғана «жаңсақтық» деп қарастыруға болмайды. «Педагог мәртебесі туралы» заңның 6-бабында нақты көрсетілген: мұғалімдерді кәсіби міндеттеріне жатпайтын жұмыстарға тартуға қатаң тыйым салынады.Жаңа жылға дайындық, көше тазалау, басқа да науқандарға мәжбүрлеп тарту сияқты ескі «дәстүрлерден» біржола бас тартуымыз керек. Бұл – заңды өрескел бұзу, - дейді Асхат Аймағамбетов.

Ол бұл ретте нақты шаралар қажет екенін айтты:

  • Облыс басшылығы бұл жағдайды мұқият тергеп, жауапты тұлғаларды жазалауы тиіс.
  • Мұғалімдерге тікелей міндетіне жатпайтын жұмыстарға тартуды тоқтату үшін министрлік бақылауды күшейтуі қажет.
  • Білім басқармалары мен мектеп әкімшіліктері мұғалімдердің құқықтарын қатаң сақтау бойынша міндеттерін орындауы тиіс.


Мемлекет басшысы әрдайым мұғалімдердің мәртебесін қорғау мен олардың құқықтарын сақтау мәселесін ерекше назарда ұстап келеді. Біздің міндетіміз – сол талаптарды орындап, заңның жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Жарақат алған әріптесімізге тезірек сауығып кетуін тілеймін. Министрліктің бұл мәселені бақылауға алғаны – үміт береді, - дейді депутат.

Бұған дейін Семейде шыршаны безендіру кезінде мұғалім биіктіктен құлап зардап шеккенін жазғанбыз. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жағдайға байланысты пікір білдіріп, ұстаздарды міндетіне кірмейтін қызметке жұмсауға болмайтынын ескертті. Сондай-ақ бүгін қалалық білім бөлімінің басшысы қызметінен босатылды. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жалған статистика: Миллиондаған тонна көкөніс, сүт, астық бәрі жоқ – Серік Егізбаев
31.03.2025ж. 10:48

Жалған статистика: Миллиондаған тонна көкөніс, сүт, астық бәрі жоқ – Серік Егізбаев

Құжатта 20 тонна ғана бар картопты, 2000 тонна деп жазып жіберіп отырған
Қазіргі заманғы қарулы қақтығыстар адам шығыны болмайтын, бірақ тиімділігі жоғары техникалардың алдыңғы қатарға шығуымен ерекшеленеді
Тараптар өңіраралық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →