×

"ҚазАвтоЖол" жолды өзі салып, өзі бақылайды - мәжіліс депутаты

Жергілікті маңызы бар жолдардың 56 пайызында  асфальт пен бетон жабындысы жоқ

"ҚазАвтоЖол" жолды өзі салып, өзі бақылайды - мәжіліс депутаты
Сурет: parlam.kz

Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов еліміздегі автожол сапасын бағалау өлшемін өзгерту керек деп ұсыныс айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ол Мәжілістегі Үкімет сағатында айтқан.

“«Қалбатау – Майқапшағай» тас жолын жөндеу 2019 жылдан бері бес жылға жуық уақыт жүргізіліп келеді. Бірақ жөндеу жұмыстары әлі күнге дейін аяқталған жоқ. Ұзындығы 412 км болатын республикалық маңызы бар «Қызылорда – Жезқазған» автожолы ең үлкен мәселе болып отыр. «Қазавтожол» компаниясы бір уақытта екі функицяны атқарып, жолды өзі салып, өзі бақылайды. Еліміздегі автожол сапасын бағалау өлшемін өзгерту керек”, – деді Нұртай Сабильянов.

Депутат сонымен қатар, жергілікті маңызы бар жолдардың 56 пайызына немесе 39 мың шақырымға қиыршық тастар мен топырық қана төселгенін,  асфальт пен бетон жабындысы жоқтығын айтты.



 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев бетті тұмшалайтын киімге тыйым салатын заңға қол қойды
Кеше, 01:47

Тоқаев бетті тұмшалайтын киімге тыйым салатын заңға қол қойды

Бұл тыйым заңда көзделген ерекше жағдайлардан басқа барлық жағдайларға қолданылады.
Президент Тоқаев тиісті заңға қол қойды
Ресейдің құқық қорғау органдары әзірбайжан азаматтарына ұлтына байланысты қатыгездік көрсеткен.
Осылайша депутаттар екі айлық каникулға кетті.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →