×

Әлиев Путинге «қатты ойын» үлгісін көрсетті – сарапшы

Путин амалсыз шегінген

Әлиев Путинге «қатты ойын» үлгісін көрсетті – сарапшы
Ашық дереккөздерден

Ресей Президенті Владимир Путиннің Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиевтен кешірім сұрағанын қазір ерінбегеннің бәрі талқылауда. Бұл заңды, сондай-ақ талқылауға тұрарлық тақырып. Бүкіл Батыс елдерімен, әлемдегі гегемон АҚШ-пен тірескен Ресейдің бұлайша кешірім сұрауының сыры неде деген сұрақты халықаралық сарапшы Жанат Момынқұловқа қойдық. Сарапшы Әзербайжан мықтылығын тағы бір мәрте көрсеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Мен үшін "тосынсый" болды

Жанат Момынқұлов Путин кешірім сұрар алдында БАҚ-қа берген сұхбатын есіне алды. Сарапшы ол кезде «Ақтаудағы ұшақ апатына байланысты Ресей тарапы үндемей қалуы мүмкін емес, себебі бұл халықаралық мәселеге айналған тақырып: Ресей мен Әзірбайжанға, тіпті Қазақстанға да қатысты» деп болжаған. Сонымен қатар, «азаматтық ұшақ апатының себебін Ресей жартылай түрде мойындағансып, мың құбылтып, түрлі сылтауларға әкеп тіреуі мүмкін. Мәскеудің апатқа қатысты алдағы жәриялайтын ресми ұстанымын болжау қиын болса да, апатқа Ресей территориясындағы әскери жағдайдың қатысы анық. Ресей өз әскерилері байқаусызда ұшақты атып алған жағдайда, өз айыбын толық мойындауы мүмкін емес сияқты. Символикалық белгі жасалып, апатқа ұшырағандарға көңіл айтып, мәселені түрлі себептерге жауып, көмескі күйде қалдырады деп ойлайтынын» жеткізген. Одан тыс саясаттанушы әзержайжандықтар мұны былай қалдырмайтынын, өйткені олар ұлтшыл, кекшіл халық екенін, Әлиев Қарабақтың батыры ретінде өз адамдары арқылы Батыстың медиасына ақпаратты ақырындап сыздықтатып жібергенін мәлімдеген еді. 

«Ал Путиннің Әлиевке хабарласып, Ақтаудағы ұшақ апаты үшін тікелей болмаса да, Әлиевтен кешірім сұрауы "тосынсый" болды. Мен мұны күтпедім, тіпті кеше «Путин мен Қадыров кешірім сұрай алмайтын адамдар» деп те пікір білдіргенмін. Әрине, Путиннің кешірім сұрауы толық болған жоқ. Ресей территориясында және украиналық дрондарға қарсы әуе қорғаныс кезінде болғаны көмескі түрде айтылды», – деді саясаттанушы.

Жанат Момынқұлов Әлиев Әзірбайжан ұшағының Ресей аспанында сыртқы әсерге ұшырағанын мәлімдеп, ұшқыштардың кәсібилігінің арқасында ғана қона алғанын айтқанын жеткізді. Оның баспасөз қызметі таратқан ақпарда «Путинмен сөйлесу барысында Әлиев Azerbaijan Airlines компаниясының жолаушылар ұшағы Ресей әуе кеңістігінде сыртқы физикалық және техникалық әсерге ұшырап, басқаруды толығымен жоғалтып, Ақтау қаласына қарай жөнелтілгенін және тек ұшқыштардың кәсібилігі мен батылдығының, біліктілігінің арқасында ол шұғыл қона алғанын атап өтті» деп жазылған. Әлиев ұшақтың фюзеляжында көптеген саңылаулар болғанын, жолаушылар мен экипаж мүшелері әлі ауада болған кезде ұшақ қабырғасын тесіп, салонына енген бөтен бөлшектерден жарақат алғанын және дәлелдемелерді атап өткен. Ұшақтың тірі қалған бортсеріктері мен жолаушылары сыртқы физикалық және техникалық әсер ету фактісін растады. 

Әзірбайжан әлемге мықтылығын тағы көрсетті

Саясаттанушы мына мәселе назар аударды: Oxu.Az тілшісіне берген сұхбатында Ұлттық Мәжіліс депутаты Джейхун Мамедов осы туралы мәлімдеген. Нақтырақ айтқанда былай деген:

«Белгілі болғандай, ресейлік тарап ұшақ апатына байланысты өз қателігін мойындады, ал В. Путин И. Әлиевке телефон соғып, кешірім сұрады. Бұл процесс пен нәтиженің барлығы соның салдарынан болғанын атап өту керек. Президентіміздің айқындаған қағидаттары осылар». 

Сондай-ақ, екі ел басшылары қайғылы оқиғаға байланысты басталған тергеу үдерісі ашық түрде жүргізіліп, халыққа ақпарат тұрақты түрде жеткізілетінін атап өтті.Әлиев бірінші күннен-ақ бұл мәселеге шұғыл әрекет жасап, кеңес өткізіп, комиссия құрып, барлық қажетті қадамдарды жасады. Бұл мәселеде Әзірбайжан Президенттің басшылығымен үлкен табандылық пен қағидаттылық танытқан. Яғни, Әзірбайжан соңына дейін өз ұстанымын анық білдірген, Ресей тарапы да Әзірбайжаннан кешірім сұраудан басқа амал жоқ екенін түсінген. Өйткені бұл жай ғана мәселе емес еді және ол бүкіл әлемге кең тарады. Осылайша, Әлиевтің шешуші саясатының нәтижесінде Әзірбайжан тағы да өз мақсатына жетіп отыр. Ресей өкініп, кешірім сұрау жағдайында тұр. Әзірбайжан өз мақсатына жетті, оны президенттің басшылығындағы Әзірбайжанның жетістігі деп бағалау керек.

Жанат Момынқұловтың сөзінше, Әлиевтің дипломатиясы, әскері, арнайы ақпараты, медиасы, депуттаттары да мықты болып шыққан. Батыстың медиасына ақпарат шығарылған соң, Ресейге қысым артқан. Қазақстан және өзге елдердің да кейбір әуе компанияларын Ресейге ұшыруды тоқтату туралы шешімі Кремлге жан-жақтан қысымды көбейткен. Путин амалсыз шегінген.  

«Әзірбайжан ұлты мықтылығын әлемге тағы бір мәрте көрсетті. Тек күштіні ғана мойындайтын Путинге қаһарман Әлиев “қатты ойын” (hard-ball) үлгісін көрсетті. Ресейдің кешірім сұрауын бауырлас Әзірбайжан мен Қазақстанның бірлескен дипломатиялық ынтымақтастығының ортақ табысы деп түсінуге болатын шығар, оны уақыт көрсетеді», - дейді Жанат Момынқұлов.

Еске сала кетейік, 25 желтоқсанда Бакуден Ресейдің Грозный қаласына бет алған Az Airlines жолаушылар ұшағы Ақтау маңында апатқа ұшыраған еді. Ұшақта 67 адам болған. Олардың 38-і жан тапсырды. Ішінде Қазақстанның алты азаматы бар. Ұшақ апатының тергеуіне Қазақстан, Әзірбайжан, Ресей, Бразилия (ұшақ шығарған компания) өкілдері араласады. 
Ұшақты Ресейдің әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштерінің қаруымен атып түсіргенін ең бірінші Евроньюс жазған. Бұл ақпарат жарты әлемді дүр сілкіндірді. Әзірбайжанның ресми тұлғалары Ресейден кешірім сұрауын талап етті. 

Кремльдің хабарлауынша, Ресей Президенті Ақтаудағы ұшақ апаты үшін Әзірбайжан басшысы Ильхам Әлиевтен кешірім сұраған. Путин Ресейдің «әуе кеңістігінде болған қайғылы оқиғаға байланысты» кешірім сұрап, қаза болғандардың отбасына көңіл айтқан.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ресейдің 233 мың азаматы Қазақстаннан ЖСН алды: енді бұл процесске шектеу қойылды
Кеше, 11:17

Ресейдің 233 мың азаматы Қазақстаннан ЖСН алды: енді бұл процесске шектеу қойылды

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап шетел азаматтарына ЖСН беру уақытша тоқтатылды
Ол қамауға алынғаннан кейін 48 сағат ішінде қамауға алу немесе босату туралы шешім қабылдануы керек
Сондай-ақ барлық салалардағы ынтымақтастықтың қарқынды дамуы ерекше атап өтілді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →