×

АҚШ-та 2025 жылдың 9 қаңтары қаралы күн деп жарияланды. Себеп қандай

Бұл туралы Президент Джо Байден жарлыққа қол қойған

АҚШ-та 2025 жылдың 9 қаңтары қаралы күн деп жарияланды. Себеп қандай
Сурет: AP Photo/David Goldman

АҚШ-та 2025 жылдың 9 қаңтары қаралы күн деп жарияланды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы АҚШ-тың қазіргі президенті Джо Байден арнайы жарлыққа қол қойды. Қаралы күннің жариялануына елдің 39-шы президенті Джимми Картердің қайтыс болуына байланысты болып отыр.

"Мен 2025 жылдың 9 қаңтарын бүкіл Америка Құрама Штаттарында ұлттық аза тұту күні деп белгілеймін. Мен американдықтарды осы күні өздерінің ғибадат орындарына жиналып, президент Джеймс Эрл Картерді еске алу үшін құрмет көрсетілуін тапсырдым. Мен қайғы-қасіретімізді бөлісетін әлемдегі адамдарды осы салтанатты шараға қосылуға шақырамын", –  деп жазды Джо Байден.

Еске сала кетейік, бұған дейін АҚШ-тың ғасыр куәгері атанған 100 жастағы президенті, Нобель сыйлығының иегері Джимми Картердің қайтыс болғаны туралы жазған болатынбыз.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Түркістан облысының жаңа әкімі туралы не белгілі?
Бүгін, 11:46

Түркістан облысының жаңа әкімі туралы не белгілі?

Бұған дейін Түркістан облысының әкімі қызметін Дархан Сатыбалды атқарды
Ол Түркістан облысы әкімі қызметінен босатылды
Қылмыстық жауапкершілікке 29 тұлға, әкімшілік жауапкершілікке 30 адам тартылды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →