×

«Кремльмен тығыз байланысы бар»: Тоқаев Назарбаевтың Путинмен кездесуі жайлы айтты

Қазақстан Президенті «Ana tili» газетіне сұхбат берді

«Кремльмен тығыз байланысы бар»: Тоқаев Назарбаевтың Путинмен кездесуі жайлы айтты
Фото: Kremlin

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ana tili» газетіне сұхбат берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Журналист тұңғыш президенттің Мәскеуге барып, Владимир Путинмен кездесуін жұртшылық сан-саққа жүгірткенін айтып, мұндай кездесу кімге және не үшін қажет екенін, бұған кім бастамашы болғанын сұрады.

«Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің желтоқсандағы кездесуі өткен жылдағы екінші жүздесуі ғой деймін. Күз басындағы бірінші кездесу туралы бұқаралық ақпарат құралдарында айтылған жоқ. Олар байырғы достар әрі әріптестер ретінде жүздесетін болса керек, ортақ әңгімелері де бар шығар. Мұндай кездесулер әдетте Нұрсұлтан Әбішұлының бастамасымен өтеді. Ол үшін мұның маңызы зор. Бұрынғы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы, партия басшысы және егемен Қазақстанның президенті ретінде Нұрсұлтан Әбішұлының Кремльмен тығыз моральдық және саяси байланысы барын естен шығармаған жөн. Оның талай уақыты Мәскеуде өтті, сан мәрте іссапарға барды, съезд және пленум отырыстарына қатысты, жұмыс бабымен және ресми сапарлармен де болды», – деп жауап берді президент.

Еске салайық, 2024 жылдың желтоқсан айында экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинмен кездескен болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Түркістан облысының жаңа әкімі туралы не белгілі?
Бүгін, 11:46

Түркістан облысының жаңа әкімі туралы не белгілі?

Бұған дейін Түркістан облысының әкімі қызметін Дархан Сатыбалды атқарды
Ол Түркістан облысы әкімі қызметінен босатылды
Қылмыстық жауапкершілікке 29 тұлға, әкімшілік жауапкершілікке 30 адам тартылды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →