×

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстанға келеді

Бұл - оның Қазақстанға алғашқы сапары

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстанға келеді
azattyq-ruhy.kz

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстанға келеді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі СІМ сілтеме жасап.

28 ақпанда АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстанға өзінің алғашқы сапарын жасайды.

"Астанаға сапары барысында Мемлекеттік хатшыны Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдайды және ҚР премьер-министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді онымен екіжақты келіссөздер өткізеді", - делінген хабарламада.

Сол күні Астанада Э.Блинкен және Орталық Азия елдерінің сыртқы саяси мекемелері басшыларының қатысуымен С5+1 форматындағы Министрлік кездесу өтеді. Күн тәртібі өңірлік ынтымақтастық және АҚШ-пен серіктестік мәселелерін одан әрі дамытуды қамтиды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →