×

«Жұмысшы мамандықтар қаласы»: Қарағанды облысы көрмеге не ұсынды?

«Жұмысшы мамандықтар қаласы»:  Қарағанды облысы көрмеге не ұсынды?
Қарағанды облысының әкімдігі

Мемлекет басшысы 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялаған болатын. Күні кеше осыған орай Астанада «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі ашылды. Қала үлгісінде ұйымдастырылған шара келушілерге иммерсивті формат ұсынып отыр. Яғни әрбір қонақ интерактивті платформалардың көмегімен түрлі кәсіптерді сынап көре алады. Фестивальға Қарағанды облысының делегациясы да барып қайтты, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Бүгін «Жұмысшы мамандықтар қаласын» көріп қайттым. Жоба президент бастамасымен жүзеге асырылып жатқан кәсіптік білім беру саласындағы реформа аясында қолға алынған. Біздің делегация құрамында облыстық мәслихат депутаттары, кәсіпорын өкілдері, Қарағанды облысының колледж басшылары мен студенттері, мектеп оқушылары мен олардың ата-аналары болды, - дейді облыс әкімінің орынбасары Әлібек Әлденей.

Әкім орынбасары осы ретте мақсаттарын түсіндіріп өтті:

• жастарды кәсіптік-техникалық білімге баулу,

• таңдаған мамандығының қыр-сырымен таныстыра отырып, болашағын айқындау,

• мемлекеттік бастамаларға деген сенімін арттыру.

Көрмеге Теміртау және Қарағанды Жоғары политехникалық колледждерін шығарып, екі павильонды толық жабдықтадық. Яғни, еліміздің индустриялды орталығы саналатын өңірдің металлургия сынды басты саласына мамандар даярлайтын білім ордаларын көрсеттік.

Сондай-ақ «Құрылысшылар көшесіне» Қарағанды техника-құрылыс колледжінің павильоны орналасты. Жастардың болашақ кәсібін таңдауына бірден бір көмекші болатын платформа фестиваль аяқталған соң цифрлық форматта, яғни мобильді қосымша түрінде жұмысын жалғастырмақ. Мемлекет, бизнес және қоғамның жұмыла әрекет етуін көздейтін алаң жұмысшы мамандықтарды индустрия, инновация және өңірлік даму драйверіне айналдыруды көздеп отыр, - дейді Әлібек Әлденей.

Айта кетейік, фестиваль болашақ мамандардың, жұмыс берушілер мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының өзара байланыс алаңына айналмақ. 5 күн ішінде мамандықтар қаласында түрлі семинар мен шеберлік сыныбы, хакатон, мамандықтар шеруі, жұмыс жәрмеңкесі, концерттер және стартаптардың тұсаукесері өтеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бөлінген қаражат әкімдіктертің тұрақты бақылауында болуы тиіс — Олжас Бектенов
Кеше, 11:55

Бөлінген қаражат әкімдіктертің тұрақты бақылауында болуы тиіс — Олжас Бектенов

Арзандатылған жанар-жағармайдың мақсатсыз жұмсалуына жол бергендерге қатаң шаралар қабылданады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →