×

Мағзұм Мырзағалиев жаңа қызметке тағайындалды

Ол бұған дейін«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарған

Мағзұм Мырзағалиев жаңа қызметке тағайындалды
Сурет: Akorda.kz

Мемлекет басшысының өкімімен Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Президеентінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Бұл қызметті атқарған Болат Оралұлы Ақшолақов лауазымынан босатылды. Мағзұм Мыырзағалиев 1978 жылы 7 қарашада Алматыда дүниеге келген.  

Білімі:

1999 ж. – «Тұран» университетін «экономист» мамандығы бойынша бітірген.

2003 ж. – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің дипломатиялық академиясын «Халықаралық қатынастар саласындағы маман» мамандығы бойынша бітірген.

2010 ж. –  Ш.Есенов атындағы Қаспий мемлекеттік технология және инжиниринг университетін «Мұнай-газ кен орындарын игеру» мамандығы бойынша бтірген.

Еңбек жолы:

2001-2004 жж. –  Теңіз және Батыс Сібір кен орындарында MI Drilling Fluids International (Schlumberger) бұрғылау ертінділері жөніндегі инженері, АҚШ және Малайзияда тағлымдамадан өткен.

2004-2007 жж. – өндіру менеджері (MI Drilling Fluids International Ақтау филиалының басшысы).

2007-2010 жж. – «ТеңізСервис» ЖШС бас директоры.

2010-2012 жж. – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ жобалау сервистері бойынша басқарушы директор.

2012-2013 жж. – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ инновациялық даму және сервистік жоба жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары.

2013 жылдың қазаны – 2014 жылдың тамызы – Қазақстан Республикасы мұнай және газ вице-министрі.  

2014 жылдың 13 тамызынан – 2019 жылдың 17 маусымына дейін – Қазақстан Республикасы энергетика вице-министрі. 

2019 жылдың 17 маусымынан бастап -  Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрі.

2021 жылдың 9 қыркүйегінен 2022 жылғы қаңтарға дейін ҚР энергетика министрі.

Айта кетейік, Мағзұм Мырзағалиев бұған дейін де яғни 2022 жылғы қаңтар-сәуір айларында президенттің кеңесші қызметін атқарған болатын.

Соңғы тағайындауға дейін «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарған.

Сондай-ақ мемлекет басшысының өкімімен Рустам Ахатханұлы Баялиев Қазақстан президенті әкімшілігінің өңірлік даму мониторингі бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →