×

Енді айыппұлды ерте төлегенде берілетін 50 пайыз жеңілдік алынып тасталуы мүмкін

Енді айыппұлды ерте төлегенде берілетін 50 пайыз жеңілдік алынып тасталуы мүмкін
Фото: pixabay.com

Сенаттың жалпы отырысында депутаттар кейбір жүргізушілер үшін жол қозғалысы ережесін бұзатын айыппұлдар бойынша 50 пайыздық жеңілдікті алып тастауды ұсынды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бүгін бұрынғы ішкі істер министрінің орынбасары, қазіргі сенатор Марат Қожаев премьер-министр Олжас Бектеновқа жол қозғалысы ережелерін бұзушыларға қатысты жазаны күшейту туралы сауал жолдады.

2024 жылы Алматыда 4,2 миллионнан астам жол қозғалысы ережелерін бұзу жағдайы тіркелген. Бұзушылықтардың негізгі бөлігі (3,7 миллионнан астамы) автоматтандырылған техникалық құралдар арқылы анықталған. Алматыда көлік құралының бір жүргізушісі бір жылда үш миллион теңгеден астам сома айыппұл төлеп, 143 бұзушылық жасаған жағдай тіркелген, - дейді Марат Қожаев.

Ол техникалық құралдар тіркеген ереже бұзу дерегі бойынша жүргізушілердің жауапкершілігін күшейту мәселесін қарауды ұсынамыз деп айтты.

ӘҚБтК-дегі өзгерістерде техникалық құралдар тіркеген 10 және одан да көп бұзушылығы бар жүргізушілерді Жол жүрісі қағидалары бойынша теориялық емтиханды қайта тапсыруға жіберуді міндетті ету маңызды. Жүргізуші куәлігінен уақытша айыруға дейін камералармен тіркелген жол қозғалысы ережесін қайталап бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейту қажет. Заң талабын бұзушыларға белгілі бір кезеңдегі тәртіп бұзу санын ескеретін сараланған жаза тетігін әзірлеу және ережені жүйелі түрде бұзушыларға айыппұл төлеуде 50% жеңілдікті алып тастау маңызды,- дейді сенатор.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев бетті тұмшалайтын киімге тыйым салатын заңға қол қойды
01.07.2025ж. 01:47

Тоқаев бетті тұмшалайтын киімге тыйым салатын заңға қол қойды

Бұл тыйым заңда көзделген ерекше жағдайлардан басқа барлық жағдайларға қолданылады.
Президент Тоқаев тиісті заңға қол қойды
Ресейдің құқық қорғау органдары әзірбайжан азаматтарына ұлтына байланысты қатыгездік көрсеткен.
Осылайша депутаттар екі айлық каникулға кетті.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →