×

«Бұл – жақсы үрдіс». Тоқаев Украина туралы қуанышты жаңалық айтты

«Бұл – жақсы үрдіс». Тоқаев Украина туралы қуанышты жаңалық айтты
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт «Жұмысшы мамандықтарының қаласын» аралап көрген соң өңірлерден келген жастармен жүздесті. Президент жастармен кездесуде Украина төңірегіндегі жағдай туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz

Біз «Бірлігіміз – әралуандықта» идеологиясын темірқазық етіп ұстанып отырмыз. Ұлтымыз бен наным-сеніміміз әртүрлі екеніне қарамастан, бір қоғамда тұтас халық болып өмір сүреміз. Мен баршаңызды осынау терең үдерісті толық түсінуге шақырамын. Сонда ғана табысқа жете аламыз.Қазір Украина жөнінде көп айтылып жатыр. Біз алғашқы кезден бастап осы соғысты міндетті түрде тоқтату керек, дипломатиялық келіссөздер арқылы бір мәмілеге келу қажет деп айттық. Бұл ұстанымымыз енді шындыққа айналды. Екі алпауыт ел саяси сұхбат жүргізе бастады. Бұл – жақсы үрдіс. Әрі Қазақстанға пайдасын тигізеді. Сондықтан біз мұны мейлінше қолдаймыз, – дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ресей президентімен телефон арқылы сөйлескеннен кейін АҚШ президенті Дональд Владимир Путинмен Сауд Арабиясында кездесетінін айтқан. Дональд Трамп өзінің сайлау науқаны кезінде Украинадағы соғысты аяқтауға ниетті екенін жеткізген болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →