×

Ақтаудағы ұшақ апаты бойынша тергеу қорытындысы қашан шығатыны айтылды

Вице-премьер ұшақ апатының алғашқы күндерінен бастап Қазақстанның объективті және жан-жақты тергеу жүргізуге басымдық бергенін атап өтті.

Ақтаудағы ұшақ апаты бойынша тергеу қорытындысы қашан шығатыны айтылды
Үкіметтің баспасөз қызметі

Вице-премьер Қанат Бозымбаев ИКАО-ның Еуропалық және Солтүстік Атлантикалық бюросының директоры Николя Ралломен кездесті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қанат Бозымбаев ИКАО-ға Қазақстанмен ынтымақтастық мәселелері бойынша тұрақты қолдау көрсеткені үшін ризашылығын білдірді. Сондай-ақ тәуелсіз сарапшы Тормодур Тормодссонды Azerbaijan Airlines ұшағы апатқа ұшыраған жерге уақтылы жібергені үшін алғысын айтты.

Бізге көрсеткен тұрақты қолдауыңызға, соның ішінде бастамаларымызды қолдағаныңыз үшін Үкімет атынан шын жүректен алғысымды білдіремін. Осы тергеуді толық аяқтау мақсатында біз ИКАО-мен өзара іс-қимылды жалғастырамыз, – деді Қанат Бозымбаев.

Вице-премьер ұшақ апатының алғашқы күндерінен бастап Қазақстанның объективті және жан-жақты тергеу жүргізуге басымдық бергенін атап өтті.

Өз кезегінде Николя Ралло Қазақстанның қысқа мерзім ішінде дайындаған және жариялаған «Azerbaijan Airlines» әуе компаниясының ұшағының апаты туралы алдын ала есебін жоғары бағалады.

Апаттан кейін 1,5 айға жетпес уақыт ішінде алдын ала қорытындыны аяқтауға қол жеткізген Қазақстан мен тергеу комиссиясының жұмысын атап өткім келеді. Мен сізді тергеу барысында Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияны толық орындауды жалғастыруға шақырамын, – деді Николя Ралло.

Естеріңізге сала кетейік, Ақтаудағы ұшақ апатын тергеу бойынша қорытынды есеп Чикаго конвенциясына сәйкес осы жылдың соңына дейін жарияланады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Президент Вьетнам бас хатшысы мен жұбайына арнайы шапан жапты
Бүгін, 16:32

Президент Вьетнам бас хатшысы мен жұбайына арнайы шапан жапты

Екі ел дипломаттары бүгін стратегиялық серіктестік орнату туралы бірлескен мәлімдеме жасады
Салтанатты рәсім Ақордада президент резиденциясында өтті
100 000 фунт стерлингке жуық Наполеонның хаттарын сатып алуға жұмсаған деп айыпталады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →