×

Сыртқы істер министрлігі Әзербайжан мен Арменияға қатысты маңызды мәлімдеме жасады

СІМ Қазақстанның берік және ұзақ мерзімді бейбітшілік орнату мақсатында екі ел арасындағы конструктивті диалогты жалғастыруға бағытталған күш-жігерге өзінің табанды қолдауын тағы да растайтынын алға тартты

Сыртқы істер министрлігі Әзербайжан мен Арменияға қатысты маңызды мәлімдеме жасады
Фото:depositphotos.com

Әзербайжан Республикасы мен Армения Республикасы арасындағы бейбіт келісім бойынша келіссөздердің аяқталуына байланысты Қазақстан Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Қазақстан Республикасы Әзербайжан Сыртқы істер министрлігі мен Армения Сыртқы істер министрлігінің Әзербайжан Республикасы мен Армения Республикасы арасында Бейбітшілік және мемлекетаралық қатынастар орнату туралы келісім жобасының мәтіні бойынша келіссөздерді аяқтау жөнінде мәлімдемелерін құптайды, - делінген хабарламада.

СІМ Қазақстанның берік және ұзақ мерзімді бейбітшілік орнату мақсатында екі ел арасындағы конструктивті диалогты жалғастыруға бағытталған күш-жігерге өзінің табанды қолдауын тағы да растайтынын алға тартты.

Қол жеткізілген уағдаластықтар мен осы тарихи құжатқа қол қою Әзербайжан Республикасы мен Армения Республикасы арасындағы қатынастарды қалыпқа келтіру, сондай-ақ бүкіл Оңтүстік Кавказ өңірінің тұрақтылығын, қауіпсіздігін және өркендеуін қамтамасыз ету жолындағы маңызды қадам болатынына сенім білдіреміз, - делінген мәліметте.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Кәрім Мәсімов астрологқа 200 мың доллар жұмсаған
Кеше, 21:34

Кәрім Мәсімов астрологқа 200 мың доллар жұмсаған

100 000 фунт стерлингке жуық Наполеонның хаттарын сатып алуға жұмсаған деп айыпталады
Бұл «алтын виза» Қазақстанда 10 жылға дейін тұруға рұқсат алу мүмкіндігін көздейді.
Ол бұған дейін Атом энергетикасы және өнеркәсібі департаментінің директоры қызметін атқарған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →