×

Жұмысты жалғастыра береміз деген позиция ұстанып отыр - «Азаттық радиосының» жетекшісі

«Азаттық радиосының» қазақстандық бөлімшесі қызметімізді жалғастыра береміз деп отыр.

Жұмысты жалғастыра береміз деген позиция ұстанып отыр - «Азаттық радиосының» жетекшісі
Jan Rambousek (RFE/RL)

АҚШ президенті Дональд Трамп жеті федералдық агенттікте қысқарту жүргізуге бағытталған «Федералдық бюрократияны қысқартуды жалғастыру туралы» жарлыққа қол қойды. Оның ішінде АҚШ-тың ғаламдық медиа жөніндегі агенттігі (USAGM) де бар. Ал оған Азат Еуропа/Азаттық радиосы кіреді, деп хабарлайды Qaz365.kz

USAGM сайтында Трамп қол қойған жарлыққа байланысты «Америка дауысы» және «Азаттық радиосында» жұмыс істейтін мамандардың ақылы демалысқа жіберілетіні туралы айтылды.

«Америка дауысы» радиостанциясының 1300-ден астам қызметкері әкімшілік демалысқа жіберілді. 83 жылда алғаш рет медиа хабар таратуын тоқтатты.

Мен 83 жылда алғаш рет аңызға айналған «Американың дауысы» радиостанциясының үнсіз қалғанына қатты қапаланамын. Бүгін таңертең  бүкіл ұжымның – 1,3 мыңнан астам журналист, продюсер және көмекші қызметкерлердің бәрі әкімшілік демалысқа жіберілгенін білдім. Солардың ішінде мен де бармын, - деп жазды редакцияның директоры Майкл Абрамовиц.

«Азаттық радиосының» қазақстандық бөлімшесі қызметімізді жалғастыра береміз деп отыр.

Азаттық радиосы қандай қиындықтан өтпеді, шынайы ақпарат, демократия құндылықтарын тарату миссиясында қандай тоталитарлық режимдер қысымын көрмеді! Сол елдерде тұрған миллиондаған халық үшін шындықтың жалғыз шамы болып келді. Қазіргі жағдай бізді қалай өзгертетінін толық ашып айту мүмкін болмай тұр. Жетекшілеріміз қазірге жұмысты жалғастыра береміз деген позиция ұстанып отыр, - дейді «Азаттық радиосының» қазақстандық бөлімшесінің қызмет басшысы Торокул Доров.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Кәрім Мәсімов астрологқа 200 мың доллар жұмсаған
Кеше, 21:34

Кәрім Мәсімов астрологқа 200 мың доллар жұмсаған

100 000 фунт стерлингке жуық Наполеонның хаттарын сатып алуға жұмсаған деп айыпталады
Бұл «алтын виза» Қазақстанда 10 жылға дейін тұруға рұқсат алу мүмкіндігін көздейді.
Ол бұған дейін Атом энергетикасы және өнеркәсібі департаментінің директоры қызметін атқарған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →