×

Ермұрат Бапи бас прокурордан Талғат Ермегияевтің ісін қайта қарауды сұрады

Ермұрат Бапи бас прокурордан Талғат Ермегияевтің ісін қайта қарауды сұрады
Фото: ашық дереккөзден

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи отандық басылымдарда шыққан сұхбаттан кейін бас прокурор Берік Асыловтан «ЭКСПО ісінен» бастап елдегі саяси сипаты бар үкімдердің бәрін қайта қарауды сұрады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол ресми деректер бойынша, ЭКСПО-ның құрылысына мемлекеттен 565 млрд 100 млн теңге (сол кездегі бағам бойынша 2,1 млрд доллар) бөлінген. «ЭКСПО ісі» бойынша осы қаражаттың (жалпы жиыны) 10 миллиард 200 млн теңгесі талан-таражға түсті деген желеумен 23 адам жазаға тартылғанын атап өтті.

Міне, бүгінде әлеуметтік желілерді шарлап жүрген, интернет ресурстардың қазақстандық сегментінде қоғам қызу талқылаған тақырыптардың біріне айналған осы сұхбатта «ЭКСПО жемқорлығына» қатысты жаңа жағдаяттар жария етілген. Ең бастысы – сұхбат спикері Омаров мырза бұл жемқорлықты «саусақтан сорылған», жалған және жасанды деректер негізінде «қара жіппен көктеліп» жүргізілген іс деп, Бас прокуратура мен кезінде Қайрат Қожамжаров басқарған «Антикор» агенттігін ашық айыптайды. «Иә, ЭКСПО-да жемқорлық қылмыс болған, бірақ ол жемқорлықты Ұлттық компанияның басқармасы емес, елдің кезіндегі саяси басшылығы тағайындаған басқарма бастығының кеңесшісі жасаған» дейді сұхбаттың спикері. Сотталушылар кезінде ашық айтудан қаймыққан ол кеңесшінің аты-жөні – Айдос Есполов. Оны «анықталмаған тұлға» деп, қылмыстық істің фигуранттары қатарынан алып тастауға ықпал еткен экс-премьер-министр Кәрім Мәсімов пен «Антикордың» экс-төрағасы Қайрат Қожамжаров деп көрсетеді сұхбат беруші, – дейді Ермұрат Бапи.

Оның айтуынша, сұхбатта айтылған басқа айыптауларды есепке алмағанда, қоғамға кеңінен тараған осы жазғыруға қатысты тиісті органдар тарапынан жауап берілуі тиіс болғанын айтады. Бірақ бас прокуратура мен Антикордың ресми өкілдері ауыз ашпаған.

Ол сұхбат берген Мұрат Омаровпен, оның және Талғат Ермегияевтың адвокаттарымен бірнеше кездесу өткізген. Жалпы жиыны 500 томнан тұратын қылмыстық іс көшірмесінің негізгі моменттерімен танысқан. Осының нәтижесінде мәжілісмен бұл жағдаятты «жаңадан жария болған жағдай» деп бағалай отырып, сұхбатта айтылған деректер негізінде Бас прокуратура тарапынан мынадай сұрақтар төңірегінде жаңадан тексеріс жүргізілуін сұрап отыр.

  • Сол кездегі ел басшылығы басқарма төрағасына  «кеңесші» ретінде қосып берген және сұхбатта айтылғандай, «параны бірнеше рет қытайдың ала сөмекесімен алған» адам кім? Айыпталушылар тергеу барысында және сот процессі кезінде аты-жөнін атап, одан жауап алу талап етілсе де, «анықталмаған тұлға» ретінде ол адам қылмыстық істен неге алынып тасталды?
  • Айыптау қорытындысы мен сот ісінде заңсыз сыйақы алған «анықталмаған тұлғаның» аты-жөні өшіріліп, оның орынына ешқандай дәлел-дәйексіз Талғат Ермегиявтың сотталуына байланысты прокурорлық баға берілуі тиіс деп есептеймін!
  • Тергеудің нәтижесінде 23 бірдей азаматтың қылмыстық жауапкершілікке тартылуына желеу болған пара беруші «сенімді өкіл» кім? Тергеу барысында және сот кезінде пара беруші адамның анықталмағаны қалай? Параны алушы – бар, ал беруші кім?
  • Басқарма басшысына пара беру фактісіне қатысы бар деп қылмыстық істе көрсетілген, бірақ психиялық ауру ретінде тіркеуде тұрған адамның тергеу мен сотқа куәгер ретінде тартылуы заңды өрескел бұзу фактісі болып табылады. (Бір қызығы – жүйке ауруына ұшыраған бұл куәгер сотқа дейін аурулар тізімінен шығарылып, сот біткен соң қайтадан есепке алынған).     
  • ЭКСПО құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесін жасаған «Рона» серіктестігінің (ЖШС) басшылығы ЭКСПО-дан түскен қаражатты офшорға аударып жатқаны тергеу барысында және сот барысында неге назарға алынбады?

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ғұмар Серғазин Атом энергиясы жөніндегі агенттікте лауазымды қызметке тағайындалды
28.04.2025ж. 09:51

Ғұмар Серғазин Атом энергиясы жөніндегі агенттікте лауазымды қызметке тағайындалды

Ол бұған дейін Атом энергетикасы және өнеркәсібі департаментінің директоры қызметін атқарған
Керісінше, қазақ тілінің қоғамдағы рөлі жыл өткен сайын артып келеді.
Қазақстанда 1 миллионнан астам отандасымыз футболмен шұғылданады
Орта Азиядан келген сарбаздардың бәрі бірдей орыс тілін білмегенімен, өздерін ержүрек жауынгер ретінде көрсетті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →