Облыстың 200-ден астам ауылында спорт нысаны мен секциялары жоқ
«AMANAT» ұйымының сайлауалды партиялық тізімі бойынша ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаттығына БҚО-дан ұсынылған кандидат Снежанна Имашева және облыстық мәслихатқа үміткер Дінмұхамед Сәтбаев Оралдағы «Премиум» сауда үйінде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Штаб мүшелері сауда үйіндегі әрбір қызметкер мен тұтынушыны саяси науқанға бейжай қарамауға және сайлауда «AMANAT» партиясына дауыс беруге шақырды.
Дүкендер желісінің қызметкерлері кандидаттардан қалада спорт алаңдарын көбейтуді, балалар мен жасөспірімдерді спорт секцияларына көбірек тартуды сұрады. Ал өздері спорттан алыс емес екендерін, бокс клубында жаттығатындарын жеткізді. Спорттан бөлек, саяси жүйеден де үнемі хабардар болып тұратынын және сайлауға міндетті түрде баратындарын тілге тиек етті.
Облыста халықтың 39 пайызы дене шынықтырумен және кәсіби спортпен айналысады екен. Алайда кейбір елді мекендерде спортпен шұғылдануға қолайлы жағдай қарастырылмаған. Мысалы, 200-ден астам ауылда спорт нысаны мен секциялары жоқ. Ал мұндай мүмкіндіктердің болмауы ұлт денсаулығының нығаюына кері әсерін тигізеді.
Партия өкілдері дене шынықтыру және спорт саласын жетілдіруге басымдық берілетінін айтты. «AMANAT» алдағы бес жыл ішінде облыста 39 спорт кешені мен 30 спорт алаңын салуды, Оралдағы бір стадионды жаңғыртуды, 30-дан астам спорт секциясын ашуды жоспарлап отыр. Бірінші кезекте көпбалалы және әлеуметтік осал топтар санатындағы отбасылардың балаларына барынша қолдау көрсетіледі. 10 мыңнан астам бұқаралық спорт шаралары мен жарыстарды өткізу көзделген. Негізгі мақсат – халықтың спорт нысандарымен қамтылу көрсеткішін 65 пайызға, ал дене шынықтыру және спортпен айналысатын халықтың үлесін кемінде 53 пайызға жеткізу.
Тұрмыстық жабдықтар және электроника дүкендері желісінің қызметкерлері де бұл саяси ұйымның ұстанымын қолдайтынын білдірді.
“Менің жасым жиырмада. Әлі бірде-бір рет сайлауға барып көрмеппін. Осы жолы міндетті түрде баруға тырысамын. Менің жора-жолдастарым да осындай пікірде”, – дейді сатушы.
Партия өкілдері халықтың сенімінен шығуға барлық күш-жігерін жұмсайтынын жеткізді.
Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған "AMANAT" партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.