×

«AMANAT» партиясы жастарды барынша қолдауға ниетті

Партияның жастарды жұмысқа орналастыруға бағытталған бастамалары туралы баяндалды

«AMANAT» партиясы жастарды барынша қолдауға ниетті

Партиялық тізім бойынша Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттығына кандидаттар Фариза Мұқанова, Тимур Бекеев және өңірлік сайлауалды штабтың мүшесі Зәуре Қартова жастарды «AMANAT»-қа дауыс беруге шақырды, еп хабарлайды Qaz365.kz.

Манаш Қозыбаев атындағы СҚУ инженерия және цифрлық технологиялар факультетінің студенттерімен кездесуде кандидаттар партияның жастар үшін әділ әлеуметтік лифт құру ниеті туралы айтты.

«Біздің Сайлауалды бағдарламамызға сәйкес әрбір жас қажетті мамандықты игеруге мүмкіндік алады. Біз жыл сайын еліміздің колледждері мен жоғары оқу орындарында оқу үшін гранттар санын көбейтуді көздеп отырмыз. Колледж студенттерінің, бакалаврлардың, магистрлердің және докторанттардың стипендиялары бір жарым-екі есе өседі. Жас ғалымдарды қолдау үшін ғылыми әзірлемелерге мың грант бөлінетін болады», - деді Фариза Мұқанова.

Өз кезегінде Тимур Бекеев партияның жастарды жұмысқа орналастыруға бағытталған бастамалары туралы баяндады.

«Біз жастар бастамаларын қаржыландыру көлемін ұлғайтамыз, волонтерлікті қолдаймыз, сапалы бос уақытты қамтамасыз етеміз. Біздің өңірде партия «Жасыл Ел» еңбек жасақтары арқылы жазғы кезеңде 665 адамды жыл сайын жұмысқа орналастыруға қолдау көрсететін болады. Сондай-ақ, жыл сайын «Түлектерге арналған жастар тәжірибесі» жобасы бойынша кемінде 2,5 мың жас адам жұмысқа орналасатын болады. Жас кәсіпкерлер үшін конкурстық негізде жылдық 2,5% жеңілдікпен кредит ұсынылады», - деді Тимур Бекеев.

Кездесу соңында депутаттыққа кандидаттар мен сенімді тұлға студенттерді еліміздің маңызды қоғамдық-саяси іс-шарасына белсенді қатысуға және «AMANAT» партиясына дауыс беруге шақырды.

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізім ұсынған «AMANAT» партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бағдат Мусиннің орнына жаңа министр тағайындалды
Кеше, 16:14

Бағдат Мусиннің орнына жаңа министр тағайындалды

Президент тиісті жарлыққа қол қойды
Ол бұл қызметті төрт жылға жуық атқарды
Көлік құралдарына салынатын салық ставкалары төмендетілуі мүмкін
Тиісті бұйрық Ақорда сайтында жарияланды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →