×

«Аmanat»: БҚО-да бейімделген нысандардың үлесі 100%-ға жетеді

Мұнда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әлеуметтік, құқықтық, жұмысқа орналасу, өз ісін бастауда кәсіпкерлікке баулу және тұрмыстық дағдыларды үйрету қызметтері көрсетіледі

«Аmanat»: БҚО-да бейімделген нысандардың үлесі 100%-ға жетеді

Оралда «AMANAT» партиясының сайлауалды штабы өкілдері «Teṅ qoḡam» әлеуметтік қолдау орталығына барып, мұндағы қызметкерлер мен қызмет алушыларға үгіт-насихат жүргізді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Әлеуметтік орталық 2021 жылы ашылған еді. Мұнда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әлеуметтік, құқықтық, жұмысқа орналасу, өз ісін бастауда кәсіпкерлікке баулу және тұрмыстық дағдыларды үйрету қызметтері көрсетіледі. Штатта 7 адам еңбек етеді, оның екеуі – мүгедектер.

– Біз мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетеміз. Әр түрлі сауалдарына қатысты кеңес береміз. 2021 жылы 1437 адамға кеңес берілсе, 2022 жылы 1897 адамға кеңес берілді. Ал ағымдағы жыл басталғалы бері 182 адамға қызмет көрсетіп үлгердік. Оның ішінде 12 адам егов.кз порталын қолдану тетігін сұрады. 15 адам әлеуметтік мәселелері бойынша кеңес алды. Психологиялық көмекке 2 адам жүгінді. Бір адам жұмысқа орналастырылды. Біз ай сайын ашық есік күнін өткізіп, мүмкіндігі шектеулі жандарға жан-жақты кеңес береміз, – дейді әлеуметтік қолдау орталығының жұмыспен қамту бойынша кеңесші-маманы Маранна Абдешова.

   

«AMANAT» партиясы БҚО-да мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында тиісті жұмыстардың сапалы жүргізілуін жіті бақылауға алады. Білім беру нысандарының бейімделуін екі есеге, яғни, 35 пайыздан 70 пайызға дейін арттыру көзделген. Орал қаласында ерекше қабілеттілігі бар адамдарға арналған 150 орындық оңалту орталығы салынады. Сонымен қатар бір психологиялық-педагогикалық түзету мекемесі ашылмақ. «Кедергісіз келешек» жобасы шеңберінде мүгедектердің мәселелерін шешуге бағытталған 500-ден астам іс-шара өткізіледі. 5 жыл ішінде әлеуметтік және көлік инфрақұрылымының 1800 нысаны бейімделіп, ерекше қажеттілігі бар 1500 адам жұмыспен қамтылады.

       – Өңірде ерекше қажеттілігі бар 6 мыңнан астам бала бар. Инклюзивті білім беру әдісімен 4300 бала қамтылған. Оның ішінде мың бала мемлекеттік балабақшаларда, ал қалғаны мектептерде. Партияның жоспарына сәйкес алдағы бес жылда мүгедек балалардың инклюзивті біліммен қамтылу көрсеткішін 70 пайызға дейін, бейімделген нысандардың үлесін 100 пайызға дейін жеткізу міндеті қойылды, – деді штаб өкілі Олжас Сейтимов.

Орталық қызметкерлері мен қызмет алушылар бірқатар мәселені көтерді. Әсіресе, инватакси қызметі түйткілге айналғанын жеткізді. Айтуларынша, қалада күн сайын желіде 6 көлік жүруі қажет болса, шын мәнінде екеуі ғана қатынайды екен. Қалған техникалар үнемі жөндеуде жатады-мыс. Сонымен қатар шипажайға берілетін жолдамалар саны күрт азайып кеткені мүмкіндігі шектеулі жандарды алаңдатып отыр.

Сайлауалды штаб өкілдері бұл ұсыныс-тілектерді қаперге алатынын және алдағы уақытта жұмыстанатынын жеткізді. Партиялықтар орталық ұжымы мен қызмет алушыларды сайлауда белсенділік танытып, «AMANAT» партиясына дауыс беруге шақырды.

Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған "AMANAT" партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.

 

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →