×

Тоқаев жұмыс сапарымен Түркияға барады

Сапар барысында Мемлекет басшысы Түркия Президентімен кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр

Тоқаев жұмыс сапарымен Түркияға барады
ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 16 наурызда Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркі мемлекеттері ұйымының кезектен тыс саммитіне қатысу үшін Анкараға жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шара барысында Ұйымның апат пен төтенше жағдайлар менеджменті және гуманитарлық көмек саласындағы қызметінің басым бағыттары, соның ішінде табиғи апаттарға қарсы күрес жөніндегі ынтымақтастықты үйлестіруге және нығайтуға қатысты мәселелер қарастырылады.

Сапар барысында Мемлекет басшысы Түркия Президентімен кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бағдат Мусиннің орнына жаңа министр тағайындалды
Кеше, 16:14

Бағдат Мусиннің орнына жаңа министр тағайындалды

Президент тиісті жарлыққа қол қойды
Ол бұл қызметті төрт жылға жуық атқарды
Көлік құралдарына салынатын салық ставкалары төмендетілуі мүмкін
Тиісті бұйрық Ақорда сайтында жарияланды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →