Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаевты қабылдады. Кездесуде Еуразиялық экономикалық одақтың қазіргі жағдайы мен оның одан әрі дамуы сөз болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Әңгіме барысында Қазақстанның 2026 жылы ЕАЭО-ға төрағалығы кезеңінде жүзеге асырылатын негізгі міндеттер мен басымдықтарға ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар Президентке 21 желтоқсанда Санкт-Петербургте өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына дайындық барысы жөнінде баяндалды.