×

Бұлармен қатты сөйлесеміз - Мақсат Толықбай Әлихан Смайылов жайында

Оның айтуынша, Үкімет “бір-ақ жыл жұмыс істедік” деп мүмкіндік сұраған

Бұлармен қатты сөйлесеміз - Мақсат Толықбай Әлихан Смайылов жайында
коллаж: Qaz365.kz

“Бұл – премьер-министрге берілген мүмкіндік”. Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай Әлихан Смайыловтың қайтадан премьер-министр болып тағайындалуы жайлы осылай деді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оның айтуынша, Үкімет “бір-ақ жыл жұмыс істедік” деп мүмкіндік сұраған.

“Мен қалыс қалғандардың бірімін. Фракцияның ішінде қызу талқылау болды. Елдің ішін аралап жүрміз. Қоғамның көңіл күйін білесіз. Сын көп. Бірақ енді бір-ақ жыл жұмыс істедік деп мүмкіндік сұрап отыр. Бұны премьер-министрге берілген карт-бланш, мүмкіндік деп қабылдау керек. “Amanat” партиясының уәделерін орындаймыз деп уәде етті. Премьер-министр, министрліктерді біз жалдап алған жұмысшы деп қана қабылдау керек. Бұлармен қатты сөйлесеміз. Квартал сайын біздің алдымызға кеп есеп беруі керек. Күзге дейін уақыт бар. Көрейік қалай болатынын. Болмаса, басқаша сөйлесеміз”, – деді депутат.

Журналист одан Президенттің неге Үкіметті сынағанымен, алып тастамайтынын сұрады. “Президентке қарсы шыға алмайсыздар ма?” деп сауал қойды.

“Менің даусым не шешті? Мен өз позициямды білдірдім. Мен тетікті бастым. Сөйлеуге рұқсат бермеді”, – деп жауап берді Толықбай.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Албаниялық бақылаушы Қазақстандағы референдум туралы пікірін білдірді
Бүгін, 18:27

Албаниялық бақылаушы Қазақстандағы референдум туралы пікірін білдірді

Шетелдік делегация Астана қаласындағы бірнеше дауыс беру учаскесінде болды
Ерлі-зайыптылар дауыс беруге бір жастағы қыздары Томириспен бірге келді
Аудан көлемінде 75 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр
Ел ертеңіне бейжай қарамай, азаматтық міндеттерін орындады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →