×

Реформа артында жеке мақсат бар ма: Тоқаев Парламент төрағасы туралы сыбысқа жауап берді

Реформа артында жеке мақсат бар ма: Тоқаев Парламент төрағасы туралы сыбысқа жауап берді
Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Turkistan газетіне берген сұхбатында парламенттік реформалар Парламент төрағасының өкілетін күшейтіп, бұл қызметті болашақта өзі атқару үшін жасалып жатыр деген қауесеттерге түсінік берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Президент мұндай тұжырымдарды негізсіз деп атап, олардың өзінің саяси ұстанымдарына мүлде сәйкес келмейтінін айтты.

– Бұл – бос әңгіме. Мұндай пікір менің саяси қағидаттарыма қайшы келеді. Мен Қазақстанның президенттік басқару үлгісіндегі мемлекет екенін бірнеше рет айттым. Осыдан 8 жыл бұрын, яғни Ақордаға келгенге дейін «Күшті Президент – Ықпалды Парламент – Есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасын жарияладым. Жеке бастың қамын күйттеп, мемлекеттік жүйені тұтастай өзгерте салу барып тұрған жауапсыздық, тіпті, адамгершілікке жатпайтын әрекет болар еді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы ел тағдырына әсер ететін маңызды реформалардың барлығы тек жалпыхалықтық референдум арқылы қабылданатынын атап өтті. Оның сөзінше, парламенттік өзгерістердің астарында жасырын мақсат жоқ, ал саяси жаңғырту үдерісі жалғасын табады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстанның жаһандық бейбітшілік архитектурасындағы рөлі: «Орта державалар» дәуіріндегі жаңа мүмкіндіктер
Кеше, 13:43

Қазақстанның жаһандық бейбітшілік архитектурасындағы рөлі: «Орта державалар» дәуіріндегі жаңа мүмкіндіктер

Қазақстанның гуманитарлық миссиялардағы, бітімгерлік бастамалардағы тәжірбиесі өте үлкен
Қазақстанның ерекше рөлі – мемлекеттің халықаралық маңызды акторлардың барлығымен позитивті қатынастар орнатқанында
Қатысушыларға «Ассамблея Жастары» жастар театрының «Qutqar meni» спектаклі ұсынылды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →