×

«Тоғыз келі салмақ тастадым»: Тоқаев денсаулығы туралы айтты

«Тоғыз келі салмақ тастадым»: Тоқаев денсаулығы туралы айтты
Olympic.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Turkistan» газетіне берген сұхбатында денсаулығына қатысты қоғамда айтылып жүрген әңгімелерге жауап берді. Президенттің айтуынша, өзін жақсы сезінеді, қан қысымы қалыпты, ал соңғы уақытта өмір салтына бірқатар өзгеріс енгізген, деп хабарлайды Qaz365.kz.

– Денсаулығым жақсы, қан қысымым қалыпты. Күн сайын йогамен шұғылдануды әдетке айналдырдым, бірақ медитация жасамаймын. Бұрынғы кәсіпқой спортшымен аптасына екі рет үстел теннисін ойнаймын. Расымен, тоғыз келі салмақ тастап, өзімді әлдеқайда жайлы сезінетін болдым, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сұхбат барысында Мемлекет басшысы ТМД елдері басшыларының спортқа жақындығына да тоқталды. Оның айтуынша, әріптестерінің басым бөлігі белсенді өмір салтын ұстанады.

– Таяуда Бішкекте өткен бейресми іс-шара кезінде Владимир Путин жас дзюдошыға қарсы әдемі әдіс жасап, аға буынның абыройын көтеріп тастады. Әлиев те мықты, кәнігі спортшы сияқты үнемі жаттығады, Жапаров футбол ойнайды. Мирзиёев те ширақ, ол жаттығу залында шынығады. Пашинян велосипед тебеді. Лукашенко әлі күнге дейін хоккей ойнайды екен. Кезінде теңіз-әскери күштерінде болып, әбден шыныққан Рахмонның да денсаулығы жақсы. Бір сөзбен айтсам, әріптестерімнің бәрі де бабында, – деді Президент.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →