×

Бейбіт Исабаев Кербұлақ ауданының жаңадан сайланған әкімін таныстырды

Бейбіт Исабаев Кербұлақ ауданының жаңадан сайланған әкімін таныстырды
Жұмабай Мұсабеков

Бүгін Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Кербұлақ ауданының активімен кездесіп, жуырда сайланған жаңа әкімді таныстырды. Осы жиында Кербұлақ аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Күләйза Шақарова сайлаудың қорытындысын мәлімдеп, Жанат Жүнісбековке аудан әкімінің куәлігін тапсырды, деп хабарлайды Qaz365.kz Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аудан әкімін таныстырған өңір басшысы Жанат Төлегенұлының осы ауданның тумасы екенін, әр жылдары Жетісу, Алматы облыстарында түрлі жауапты қызметтер атқарғанын атап өтті. Соңғы жылдарда ол Кербұлақ ауданы әкімінің орынбасары лауазымында болған.

- Осыдан үш жыл бұрын Кербұлақ ауданында ондаған жылдар бойы жүйелі түрде шешілмеген мәселелер аз емес болатын. Бүгінгі күні солардың ең өзектілері шешілді. Бұдан былай да өз тарапымыздан аудан дамуына қолдау көрсетеміз. Ең бастысы, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етіп, халықтың өмір сүру деңгейін көтеру, заң мен тәртіпті қатаң сақтау. Ол үшін аудан басшысы азаматтардың өзіне артқан сенімін ақтай отырып, жергілікті халықпен, қоғамдық ұйымдармен бірлесіп жұмыс істеуі керек, - деді облыс әкімі Бейбіт Исабаев.

Өз кезегінде Ж. Жүнісбеков алдына қойылған міндеттерді лайықты деңгейде орындауға бар білімі мен тәжірибесін жұмсайтынын жеткізді.

Еске салсақ, биылғы 18 қаңтарда Кербұлақ ауданы әкімін сайлау өткен болатын. Сайлауда 80,9% басым дауыспен Жанат Төлегенұлы Жүнісбеков аудан әкімі болып сайланды.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Депутаттар кімнің вице-президент болатынын топшылап көрді
Кеше, 19:52

Депутаттар кімнің вице-президент болатынын топшылап көрді

Қазақстанда мемлекеттік кеңесші лауазымы алынып тасталады
Қазақстанда Мемлекеттік кеңесші лауазымы ресми түрде алынады
Ұсыныстарды талдағаннан кейін жұмысшы топ депутат мандаттарының оңтайлы саны 145 болады деп қорытынды жасады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →