×

Тоқаев Давоста Трампқа ойын ашық айтты

Дональд Трамп Тоқаевқа риза болып, арқасынан қақты

Тоқаев Давоста Трампқа ойын ашық айтты
Фото: Ақорда

Швейцарияның Давос қаласында өткен кездесуде АҚШ президенті Дональд Трамп Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты арқасынан қағып, риза екенін көрсетті. Мемлекет басшысының кеңесшісі Руслан Желдібайдың айтуынша, Давос форумында Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қою рәсімі кезінде Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамппен жеке әңгімелесіп, өзі үшін аса маңызды ұстанымын айтқан, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Іс-шара барысында Қазақстан президенті Давос алаңында таратылған ресми құжаттардың біріне Трамптың назарын аударды. 

«Президент Дональд Трамптың 365 күн ішіндегі 365 жеңісі» деп аталатын материалдың 177-тармағында Қазақстанның Ибраһим (Авраам) келісіміне қосылғаны көрсетілген.

Осы сәтте Қасым-Жомарт Тоқаев:
«Мен үшін, қазақ елінің басшысы ретінде Тәуелсіздік бәрінен биік!» – деп атап өтті.

Бұл сөзден кейін Дональд Трамп риза кейіп танытып, Қазақстан президентін арқасынан қақты. Сондай-ақ АҚШ президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Бейбітшілік кеңесін құру жөніндегі бастамасын қолдағаны үшін алғыс айтты.

Айта кетейік, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 22 қаңтарда Давоста АҚШ президенті Дональд Трамптың бастамасымен құрылған Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойған болатын. Ақорда мәліметінше, салтанатты рәсімге 18 мемлекеттің басшысы мен өкілдері қатысқан.

«Авраам келісімі» — 2020 жылы басталған тарихи дипломатиялық бастама. Ол Израиль мен бірнеше араб елдері (БАӘ, Бахрейн, Марокко, Судан) арасындағы бейбіт қатынастарды орнатуға бағытталған. Бұл келісімнің мақсаты — Таяу Шығыстағы елдер арасындағы соғысты тоқтатып, экономикалық және саяси ынтымақтастық орнату. Яғни, бұрын Израильмен қарым-қатынасы болмаған араб елдері онымен ресми байланыс орнатты: елшілік ашты, сауда, туризм, технология салаларында әріптестік басталды. Келісім «Авраам» деп аталған. Өйткені Авраам (Ибраһим) — үш діннің (иудаизм, христиан діні және ислам) ортақ пайғамбары. Бұл атау бейбітшілік пен дінаралық түсінісуді білдіреді. Дегенмен Палестина мәселесіне келгенде бұл келісім сынға ұшырады. Себебі ол Палестинаның тәуелсіздік мәселесін шешпей, Израильдің аймақтық позициясын күшейтті. Яғни, көпшілік мұны Израильдің дипломатиялық жеңісі деп бағалады.

Еске сала кетсек, Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамп бастамасымен құрылған Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойған еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →