×

Ғылыми қызмет қағидалары Ата Заңмен бекітілуі тиіс – Жақсыбек Күлекеев

Ғылым мен инновацияның конституциялық деңгейде бекітілуі ғылыми қызметті тұрақты қаржыландыруға берік құқықтық негіз қалыптастырады

Ғылыми қызмет қағидалары Ата Заңмен бекітілуі тиіс – Жақсыбек Күлекеев
Ашық дереккөздерден

Астанада өтіп жатқан Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысында Қолданбалы экономикалық зерттеулер орталығының ғылыми жетекшісі Жақсыбек Күлекеев еліміздегі ғылыми қызметтің Ата Заң деңгейінде нақты реттелмегенін, соның салдарынан ел дамуын қамтамасыз етудегі ғылымның рөлі мен мәртебесі төмен екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оның айтуынша, еліміздің қазіргі даму кезеңіндегі басты басымдықтың бірі – заманауи цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні кеңінен қолдануға негізделген білім мен инновацияға сүйенген экономиканы қалыптастыру. Бұл бағыт еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттырып қана қоймай, оның геоэкономикалық және геосаяси кеңістіктегі ұстанымын айқындай түседі.

«Әлемде ғылым кез келген қоғамның ең маңызды өндіргіш күшіне айналып отыр. Бұл тұрғыда білім экономикасын дамыту ғылыммен тікелей байланысты екенін аңғармау мүмкін емес. Алайда еліміздегі ғылыми қызмет салалық заңнамалармен ғана реттеліп, оның негізгі қағидаттары Конституция деңгейінде нақты бекітілмеген. Ата Заңда ғылымға қатысты арнайы нормалардың болмауы ғылыми саланы ағымдағы мемлекеттік саясатқа тәуелді етіп, елдің тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі рөлі мен мәртебесін әлсіретіп отыр», – деді ол.

Жақсыбек Күлекеев ғылым мен инновацияның конституциялық деңгейде бекітілуі ғылыми қызметті тұрақты қаржыландыруға берік құқықтық негіз қалыптастырып, зерттеу орталықтарының, университеттердің және технологиялық компаниялардың жүйелі әрі орнықты жұмыс істеуіне жол ашатынын айтты.

Оның сөзінше, мұндай нормалар көптеген дамыған мемлекеттердің конституцияларында бар. Атап айтқанда, ғылым мен инновацияға сүйеніп, елеулі экономикалық табысқа қол жеткізген Германия, Жапония, Оңтүстік Корея сияқты елдерді мысалға келтіруге болады. Сондай-ақ Финляндия, Испания және Португалияның өз конституцияларында ғылыми автономия мен академиялық еркіндікке құқықты нақты бекіткенін тілге тиек еткен маман ұлттың болашағы азаматтардың зияткерлік және технологиялық дамуына тікелей байланысты екенін терең түсінуден туындайтынын жеткізді.

«Ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан алғанда, өзіміздің ғылыми және технологиялық әзірлемемізді дамыту технологиялық тәуелсіздікті нығайтып, экономиканың және оның аса маңызды инфрақұрылымының тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, Конституцияда ғылымға қатысты нормалардың болуы мемлекеттің халықаралық беделін арттырып, оны прогресс пен инновацияға бағдарланған ел ретінде танытады. Бұл ғылыми-техникалық дамудың басымдық екенін айқын көрсетіп, инвестиция тартуға ықпал етеді. Сондай-ақ әлемдік қауымдастықтағы абыройымызды күшейтіп, әлеуметтік, экономикалық және технологиялық тұрақтылықтың берік негізін қалайды», – деді ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Мәди Мырзағараев соттың санкциясынсыз ұстау мерзімін 72 сағаттан 48 сағатқа дейін қысқартуды ұсынды
Бүгін, 23:43

Мәди Мырзағараев соттың санкциясынсыз ұстау мерзімін 72 сағаттан 48 сағатқа дейін қысқартуды ұсынды

Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Конституцияда «Миранда қағидасын» бекітуді ұсынды
Елдің ғылымы мен мәдениеті, инновациясы мен рухани қуаты – ой еркіндігі бар ортада ғана қалыптасады
Қарашұбар жамылғы, сөлеңдеген сұрықсыздық, келте балақ, қауға сақал мен селдір сақал қаладан далаға дейін қаптап кетті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →