×

Жаңа Конституция: Астанада «Референдум–2026» онлайн-марафоны өтуде

Алты сағатқа жоспарланған марафон барысында Конституция жобасының негізгі бағыттары жан-жақты талқыланады

Жаңа Конституция: Астанада «Референдум–2026» онлайн-марафоны өтуде

Бүгін Астанада жаңа Конституция жобасына арналған «Референдум–2026» онлайн-марафоны өтуде, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Шара жаңа Конституция жобасын түсіндіруге арналған ақпараттық алаң ретінде ұйымдастырылған. Алты сағатқа жоспарланған марафон барысында Конституция жобасының негізгі бағыттары жан-жақты талқыланады.

«Ток-шоу»  және «Сараптау: бұрын және қазір» алаңында 100-ге жуық спикер «Жаңа Конституция: өзгерістердің мәні», «Жаңа Конституцияның Преамбуласы», «Егемендік пен Тәуелсіздік - бәрінен қымбат», «Человек в центре государственной политики», «Заң және тәртіптің үстемдігі мемлекет қызметінің негізгі қағидаты», «Тарихи-мәдени мұраны сақтау, төл мәдениетті қолдау», «Семья и брак», «Құрылтай ықпалы: құзыреті мен міндеті», «Қазақстан Халық кеңесі», «Ұлттық заңнама мен халықаралық шарттардың арақатынасы», «Волонтерская деятельность», «Экологиялық мәдениет пен жауапкершілік» тақырыптары бойынша пікір алмасып,  конституциялық өзгерістердің әр азаматтың өміріне әсері туралы айтады. Сонымен қоса, Конституция жобасына бей-жай қарамаған отандастарымыздың жолдаған ұсыныстарының Конституция баптарында қалай көрініс тапқаны туралы айтылып, халықтың тілегі ескерілген құжаттың жаңа жобасы таныстырылады.

Спикерлер қатарында ҚР Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов, ҚР Парламенті Мəжілісінің депутаттары Айдос Сарым, Ермұрат Бапи, Мұрат Әбенов, Асхат Аймағамбетов, Мемлекеттік басқару академиясы Басқару институтының директоры Құралай Садықова, ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Закиева және өзге де қоғам өкілдері бар.

Іс-шара республикалық телеарналар мен интернет-порталдардың YouTube және Facebook платформалары арқылы тікелей эфирде көрсетілуде.

 

 

 

 

 

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →