×

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Қазақстандықтар қай елдерде референдумда дауыс бере алмайды?

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Қазақстандықтар қай елдерде референдумда дауыс бере алмайды?
baq.kz

Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты Қазақстанның шетелдегі 11 сайлау учаскесінің жұмысы уақытша тоқтатылды. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының отырысында СІМ ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Ерлан Әлімбаев мәлімдеді. Қауіпсіздік шараларын ескере отырып, 10 мемлекеттегі дауыс беру нүктелерін қысқарту туралы шешім қабылданған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ресми мәліметке сәйкес, Иран, Израиль, Иордания, Катар, Біріккен Араб Әмірліктері, Оман, Ливан, Кувейт, Украина және Эфиопиядағы учаскелер, сондай-ақ Дубайдағы бас консулдықта дауыс беру өтпейді. Осыған байланысты аталған елдердегі Қазақстан азаматтары референдумға қатыса алмайды. Қазіргі таңда әлемнің 54 елінде 71 учаске жұмыс істеп тұр, онда дауыс беруге құқылы 14 230 отандасымыз тіркелген.

«Бұл елдердегі азаматтар дауыс бере алмайды. Алайда дипломаттар өз орындарында қалып, тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Олардың негізгі міндеті — азаматтарымыздың елге аман-есен оралуын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Дипломаттарды эвакуациялау туралы сөз болып отырған жоқ», — деп нақтылады СІМ ресми өкілі Ерлан Жетібаев.

Сонымен қатар, референдумды бақылауға 31 елден 68 бұқаралық ақпарат құралының 185 өкілі аккредитация алғаны белгілі болды. Шетелдегі барлық комиссия мүшелері тиісті дайындықтан өтіп, сертификаттарын алған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Жаңа Конституцияда негізгі құндылықтар ретінде білім мен ғылым, мәдениет және инновациялар бекітілген
Әскери іс-қимылдар жалғасып жатыр, сондай-ақ көптеген елдердің әуе кеңістігі жабылған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →