×

Қырғызстанның экс-қауіпсіздік басшысы Ташиев елге оралып, тергеуге шақырылды

Қырғызстанның экс-қауіпсіздік басшысы Ташиев елге оралып, тергеуге шақырылды
Кабар

Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің (ҰҚМК) бұрынғы төрағасы Қамшыбек Ташиев елге оралып, құқық қорғау органдарына жауап беруде, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қырғыз БАҚ-тарының хабарлауынша, ол қазіргі уақытта Қырғыз Республикасы Ішкі істер министрлігінің Бас тергеу басқармасында жатыр.

Ташиевтің нақты қандай мәселе бойынша жауап беріп жатқаны әзірге ресми түрде жарияланған жоқ. Ол 17 ақпанда ҰҚМК басшысы қызметінен босатылғаннан кейін бірден елден кетіп қалған болатын.

Сарапшылар Ташиевтің отставкасы мен одан кейінгі тергеу амалдарын елдегі билік ауысуынан кейінгі саяси қайта құрулармен байланыстырады. Қамшыбек Ташиев ұзақ уақыт бойы Қырғызстандағы ең ықпалды тұлғалардың бірі болып саналды және елдің қауіпсіздік блогын басқарды.

Қамшыбек Ташиев Садыр Жапаров билікке келгеннен бері оның ең жақын серігі және мемлекеттегі екінші адам болып келген еді. Соңғы айларда Қырғызстанның жоғары билік эшелонында бірқатар кадрлық ауыс-түйістер мен жемқорлыққа қарсы ірі тергеулер жүріп жатыр. ІІМ әзірге бұл істің мән-жайын құпия ұстауда.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →