×

Алматы әкімі Қазақстан Президенті сайлауына жұбайымен бірге келді

Алматыда жалпы 1,2 миллион адам дауыс беруге құқылы

Алматы әкімі Қазақстан Президенті сайлауына жұбайымен бірге келді
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алғашқылардың бірі болып таңғы сағат 7-де М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицейінде орналасқан №358 сайлау учаскесіне Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев жұбайымен бірге келді, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

“Бүгінде Қазақстан азаматтары өздерінің конституциялық құқығын іске асырып, алдағы 7 жылда еліміздің дамуына үлес қосады. Әр қазақстандықтың дауысы маңызды, бүгін мен қаламыздың, тұрғындарымыздың, отбасымның және балаларымның жарқын болашағы үшін елдің азаматы, Алматы тұрғыны ретінде дауыс беруге келдім. Алматылықтар өздерінің бірлігін көрсетіп, өз таңдауын жасайтынына сенімдімін”, –  деді Ерболат Досаев.

Алматыда сайлау күні 600 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Тұрғылықты тіркеуі жоқ алматылықтар 55 учаскеде дауыс бере алады. Қалада шамамен 1,2 миллион адам дауыс беруге құқылы.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
ҚТЖ-ға Даниал Ахметовтің күйеу баласын төраға етіп қоймады
Бүгін, 11:39

ҚТЖ-ға Даниал Ахметовтің күйеу баласын төраға етіп қоймады

Талғат Алдыбергеновтің теміржол саласында 35 жылдан астам еңбек өтілі бар.
Адам капиталын арттыруды ынталандыру қажеттігіне назар аударды.
Бұл тыйым заңда көзделген ерекше жағдайлардан басқа барлық жағдайларға қолданылады.
Президент Тоқаев тиісті заңға қол қойды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →