×

Бұл сайлау елдің тағдырын айқындайды − Асылы Осман алғашқылардың бірі болып дауыс берді

Елдің алдында жүрген аға буын өкілдері өздерінен кейінгілерге үлгі-өнеге көрсететін шақ келді

Бұл сайлау елдің тағдырын айқындайды − Асылы Осман алғашқылардың бірі болып дауыс берді
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қазақстандық ғалым, қоғам қайраткері, профессор Асылы Әлиқызы Осман алғашқылардың бірі болып Қазақстан президенті сайлауына дауыс берді, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

“Бұл сайлау елдің тағдырын айқындайды. Қабанбай бабамыз айтыпты «Хан біреу қалғандарымыз тіреу болсын» деп. Қарақтарым осы сөздің құдіретіне ештеңе жетпейді. Сондықтан бүгін тайлы-тұяғымызбен өз таңдауымызды жасадық. Елдің алдында жүрген аға буын өкілдері өздерінен кейінгілерге үлгі-өнеге көрсететін шақ келді. Сайлаудан, келешектен жақсылықты күтемін”, – деді Асылы Осман.

Алматыда 600 сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр. Ал қалада 1 миллион 176 мыңнан астам адам дауыс беруге құқығына ие. Сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Тұрғылықты тіркеуі жоқ алматылықтар арнайы ашылған учаскелерге барып, таңдау жасай алады.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →