×

Қазақстан Ресейді «агрессор ел» деп таныды ма - СІМ нүктесін қойды

Бұған дейін әлеуметтік желіде «Қазақстан Ресейді «агрессор ел» деп таныды» деген ақпарат тараған

Қазақстан Ресейді «агрессор ел» деп таныды ма - СІМ нүктесін қойды
inbusiness.kz

Осыған дейін әлеуметтік желіде «Қазақстан Ресейді «агрессор ел» деп таныды» деген жазба тараған болатын. Осыған қатысты бүгін Сыртқы істер министрлігі жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-сессиясының «Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Еуропа Кеңесі арасындағы ынтымақтастық» қарар жобасы бойынша дауыс беру туралы деп аталатын қарар қабылданды.

«Биылғы қарар жобасының кіріспе бөлігіне «БҰҰ мен Еуропа Кеңесі арасындағы ынтымақтастықты нығайту қажеттілігі, Ресейдің Украинаға, ал бұған дейін Грузияға қарсы агрессиядан кейінгі Еуропаның алдында тұрған сын-қатерлерге және Ресейдің Еуропа Кеңесіне мүшелігін тоқтатуға байланысты» атты тармақ енгізілді. Құжат авторлары (Исландия мен Ирландия делегациялары) қарар жобасы бойынша алдын ала кеңесулер барысында бұл кіріспе тармақ бойынша ресейлік әріптестерімен бірыңғай ұстанымға келе алмағандықтан, Ресей делегациясы ол бойынша жеке дауыс беруді сұрады», - деді ҚР СІМ өкілі.

Дауыс беру қорытындысы бойынша преамбулярлық параграфқа 10 мемлекет қарсы шыққан. Ал 48-і қалыпты. Дегенмен 81-і қолдағандықтан қабылданған.

«Бұл тармақтың саясиланғандығын ескере отырып, Қазақстан делегациясы осы тармақ бойынша дауыс беру кезінде қалыс қалды. Қарар бойынша тұтастай дауыс беру барысында, Қазақстан делегациясы БҰҰ мен өңірлік ұйымдар, оның ішінде Еуропа Кеңесі арасындағы өзара іс-қимылды нығайту қағидатын «қолдап» дауыс берді», - деді Айбек Смадияров. 

Ведомство ҚХР, Үндістан, Мысыр, Бразилия, Армения, Индонезия, Пәкістан және басқалары секілді Украинадағы жағдайға қатысты бейтарап ұстанымдағы көптеген елдер де қарарды тұтастай қолдап, аталған преамбулярлық тармаққа дауыс беруден бас тартты деп отыр.

«Қазақстан делегациясы БҰҰ Бас Ассамблеясы шеңберінде дауыс беру барысында сыртқы саяси міндеттеріміз бен ұлттық мүдделерімізге сәйкес келетін теңгерімді және қағидатты ұстанымды одан әрі де сақтайтын болады», - деді ол.

Бұған дейін әлеуметтік желіде «Қазақстан Ресейді «агрессор ел» деп таныды» деген ақпарат тараған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Сыздықбеков мемлекетке қайтарғысы келетін Шымкенттегі су компаниясының қарызын кім өтейді
22.11.2024ж. 17:35

Сыздықбеков мемлекетке қайтарғысы келетін Шымкенттегі су компаниясының қарызын кім өтейді

Компанияның банк алдындағы 12 млрд теңге қарызы өтелмеген.  
Жемқорлықпен күресу жалғыз менің емес – барлық ел басшыларының міндеті
Бүгін Шымкент қаласында республикалық брифинг өтіп жатыр
Жаңа вице-министр бүгінгі Үкімет Қаулысымен тағайындалды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →