×

Бас прокурор Боранбаев пен Намазбаевты босату жөнінде талапқа жауап берді

Екеуі де 5 жылға бас бостандығынан айырылған еді

Бас прокурор Боранбаев пен Намазбаевты босату жөнінде талапқа жауап берді

Бас прокурор Берік Асылов сотталып жазасын өтеп жатқан белсенді Марғұлан Боранбаев пен Данат Намазбаевты босату жөнінде талапқа жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.


Еске сала кетсек, бұған дейін мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Марғұлан Боранбаев пен Данат Намазбаевқа қиянат жасалғанын, оларға шыққан үкімді қайтадан қарайтын уақыт келгенін мәлім еткен еді. Мәжілісмен мұндай табанды жігіттер түрмеде отырмауы керек екенін айтқан.


«Халықаралық құқыққорғаушы ұйымдар М.Боранбаев пен Д.Намазбаевты «саяси тұтқындар» тізіміне енгізген. Демек, бұл жағдай Қазақстанның халықаралық имиджіне де кері әсерін тигізіп, ел президенті Қ.К. Тоқаев мырзаның әлемдегі дамыған демократиялық елдер басшылығымен ресми кездесулері кезінде үнемі алдынан шығатын келеңсіз тақырыпқа айналуда»,  –  деген еді Ермұрат Бапи.

Бұл сауалға жауап берген Бас прокурор Берік Асылов сонымен бірге жаңадан ашылған мəн-жайлар бойынша қылмыстық іс жөнінде іс жүргізуді қайта бастау тəртібі мен негіздері Қылмыстық-процестік кодекстің 53-тарауымен реттелетіні, бұл іс жүргізу қылмыстық процестің бір сатысы екенін, ол жерде үкім шығару кезінде сот білмеген мəн-жайлардың болуы немесе болмауы туралы мəселе шешілетінін хабарлайды.

«Сот актілерін қайта қарау жəне жаңадан ашылған мəн-жайлар бойынша іс қозғау құқығы тек сотқа тиесілі. Сонымен қатар ҚПК-нің 499-бабының 2-бөлігі қылмыстық істі қайта бастау негіздерінің толық тізбесін көздейді. Атап айтқанда, бұған сот үкімінде белгіленген жəбірленуші, куə, сарапшы қорытындысының жалғандығы, заттай дəлелдемелердің, тергеу жəне сот іс-əрекеттерінің хаттамаларының бұрмаланғандығы, тергеушінің, судьялардың қылмыстық іс-əрекеттері, сондай-ақ сот үкім шығарған кезде ол туралы білмеген тексеру немесе тергеумен анықталған өзге де мəн-жайлар жатады»,  – дейді Асылов.

Бас прокурор заң бойынша қылмыстық процестің қатысушылары ғана жаңадан ашылған мəн-жайлар бойынша іс жүргізуді қозғау туралы өтінішхатпен жүгіну құқығына ие екенін атап өтеді.

«Бұл ретте, Боранбаев пен Намазбаев жəне олардың қорғаушылары осы негіздермен жүгінбеген, яғни олар өздерінің іс жүргізу құқықтарын іске асырмаған. Осыған байланысты сотталғандар үкім шығару кезінде сотқа белгісіз болған мəн-жайларды көрсете отырып жəне олардың кінəсіздігі немесе онша ауыр емес қылмыстық құқық бұзушылықты жасағанын куəландыратын өтінішхатты сотқа не прокуратура органдарына дербес беруге құқылы екенін түсіндіреміз»,  – дейді бас прокурор.

Еске сала кетсек, Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының үкімімен былтыр Боранбаев 5 жылға (ұлттық алауыздықты қоздырды деген айыппен) жəне Намазбаев 5 жылға (бір топта билікті күштеп басып алуға шақырғаны үшін) сотталған еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Енді қазақ тілін білмейтіндерге азаматтық берілмейді: Президент заңға қол қойды
Бүгін, 10:49

Енді қазақ тілін білмейтіндерге азаматтық берілмейді: Президент заңға қол қойды

Қазақстан азаматы атанғысы келетіндер төл тарихымыздан да хабардар болуға тиіс
Соңғы жұмыс орны - Ақтөбе облысының әкімі
Мемлекет басшысының Жарлығымен

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →