×

Украинадан кейінгі мәселе – Қазақстан: ҚР СІМ пікір білдірді

Біз бұл Ресей Федерациясының ресми ұстанымы деп санамаймыз – СІМ өкілі  

Украинадан кейінгі мәселе – Қазақстан: ҚР СІМ пікір білдірді
kapital.kz

Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Ресейдің федерал арнасында сарапшының Қазақстанды "Украинадан кейінгі мәселе" деп атаған мәлімдемесін қатаң айыптады,  деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

"Россия 1" телеарнасындағы "Вечер с Владимиром Соловьевым" бағдарламасында сарапшылардың бірі Қазақстанды Украинадан кейінгі проблема деп атады. Ол біздің елдегі нацистік процестер туралы мәлімдеді. Сіз нацистік процестерді кездестірдіңіз бе?" деген сұраққа:

"Әрине, мен ешқашан нацистік процеске тап болған емеспін, ол біздің елімізде жоқ та. Мұндай мәлімдемелерге қатысты айтарым - Мемлекет басшысы да, СІМ басшылығы да, өзге де басшылар да бұған дейін түрлі мәлімдеме естіді. Біріншіден, біз бұл Ресей Федерациясының ресми ұстанымы деп санамаймыз. Екіншіден, Қазақстан мен Ресей арасындағы дәстүрлі тығыз қарым қатынастарға нұқсан келтіріліп отыр. Үшіншіден, федералды арналардың бірінде осындай позицияларды жарияланғандықтан Ресей Федерациясының билігі тиісті реакция береді", –  деді Василенко Мәжіліс отырысынан кейін журналистердің сұрағына жауап беріп.

Сыртқы істер министрлігі осы мәселе бойынша Ресей елшісіне телефон соғуды жоспарлап отыр ма деген сұраққа Василенко қазір өзінде ондай ақпарат жоқ екенін айтты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев бетті тұмшалайтын киімге тыйым салатын заңға қол қойды
Кеше, 01:47

Тоқаев бетті тұмшалайтын киімге тыйым салатын заңға қол қойды

Бұл тыйым заңда көзделген ерекше жағдайлардан басқа барлық жағдайларға қолданылады.
Президент Тоқаев тиісті заңға қол қойды
Ресейдің құқық қорғау органдары әзірбайжан азаматтарына ұлтына байланысты қатыгездік көрсеткен.
Осылайша депутаттар екі айлық каникулға кетті.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →