×

Қазақстан Ресейден қорықпайды – Мәжіліс төрағасы

Ресейлік телеарналарда айтылған сын-пікірлер –  Ресей Федерациясының ресми ұстанымы емес

Қазақстан Ресейден қорықпайды – Мәжіліс төрағасы
baq.kz

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов ресейлік телеарналарда Қазақстанға қарсы айтылған пікірлерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлады qaz365.kz тілшісі Halyq Uni-не сілтеме жасап.

Мәжілістің жалпы отырысынан шыққан спикерге БАҚ өкілі “Қазақстанда Ресей билігіне қарсы пікір білдірген адамдар жауапқа тартылады. Алайда ресейліктер бізге қатысты ойына не келсе соны айта береді. Неге олар жауапқа тартылмайды? Біз Ресейге тәуелдіміз бе? Одан қорқамыз ба?” деген сұраққа:

“Біз Ресейге тәуелді емеспіз. Ресейден қорықпаймыз. Біз – терезесі тең, егеменді мемлекетпіз. Біріншіден, барлық мәселе заң аясында жүргізіледі. Екіншіден, Қазақстанға қарсы сөз айтқан Ресей азаматы немесе басқа елдің азаматтары болсын, олардың пікіріне Президенттен бастап, депутаттар, Сыртқы істер министрлігі өз жауабын беріп жүр. Оны сіздер естідіңіздер”, – деді Ерлан Қошанов.

Оның пікірінше, ресейлік телеарналарда айтылған пікірлер Ресей билігінің ресми ұстанымы емес.

“Ресейлік телеарналарда айтылған әрі кейбір журналистердің айтып жүрген пікірлері – Ресейдің ресми ұстанымы мен ресми мәлімдемесі емес. Бұл – жеке азаматтарының жауапкершілігі және пікірі. Оларға жауапты президент те, Сыртқы істер министрлігі де, депутаттар да беріп жүр. Егер біздің тарапымызға деген заңбұзушылықтар болса, онда біздің Бас прокуратура арқылы Ресейдің Бас прокуратурасына талаптар жолданады”, –  деді Мәжіліс төрағасы.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев салық заңнамасына өзгерістер енгізетін заңға қол қойды
Бүгін, 17:10

Тоқаев салық заңнамасына өзгерістер енгізетін заңға қол қойды

Ол 2017 жылдан бері қолданыстағы Салық кодексіне енгізілген түзетулерді қамтиды.
Мен қазіргі немесе бұрынғы ешбір шенеунікпен туыстық байланыста емеспін
Құрылтайшылардың бәрі – партияның қазіргі немесе бұрынғы қызметкерлері.
Тоқаев сауда проблемасына қатысты ортақ мәмілеге қол жеткізуге болатынына сенім білдірді.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →