×

Қазақстан Украина тарапынан Гайдайдың келуін қаламады ма – СІМ жауабы

Қазақстан Украина жағынан кәсіби дипломаттың келуін өтінген

Қазақстан Украина тарапынан Гайдайдың келуін қаламады ма – СІМ жауабы
unn.com.ua

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Луганск облыстық әскери әкімшілігінің басшысы болған Сергей Гайдайды Қазақстандағы Украинаның дипломатиялық миссиясының басшысы ретінде көргісі келмеді ме? Бұл сұраққа СІМ жауап берді, деп хабарлайды Qаz365.kz.

«Халықаралық тәжірибеге және 1961 жылдың 18 сәуірінде шыққан дипломатиялық қатынастар туралы Вена келісіміне сәйкес, елшіні тағайындауды келісу жабық режимде жүргізіледі. Себебі қабылдаушы тарап себебін түсіндірместен ұсынылған кандидатураны қабылдамауы мүмкін. 
Бұл шешімді достыққа сай емес акт ретінде бағалауға болмайды. Аталған процедураның құпия сипатын ескере отырып, біз аты аталмаған дереккөзге сілтемемен жарияланған ақпарат жөнінде пікір білдіре алмаймыз. Жалпы Қазақстан тарапы қазақстандық-украиналық көпжоспарлы достық қарым-қатынасты дамытуға бейімділікті сақтайды»
, - делінген СІМ хабарламасында.

Бұған дейін ресми Киев Украинаның Қазақстандағы Дипломатиялық өкілдігі басшысы ретінде Сергей Гайдайды ұсынған. Кейін Украина БАҚ-тары Қазақстан тарапы бұған келіспегенін мәлім етті. Ақпаратқа сәйкес, Қазақстан Украина жағынан кәсіби дипломаттың келуін өтінген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
ҚТЖ-ға Даниал Ахметовтің күйеу баласын төраға етіп қоймады
Кеше, 11:39

ҚТЖ-ға Даниал Ахметовтің күйеу баласын төраға етіп қоймады

Талғат Алдыбергеновтің теміржол саласында 35 жылдан астам еңбек өтілі бар.
Адам капиталын арттыруды ынталандыру қажеттігіне назар аударды.
Бұл тыйым заңда көзделген ерекше жағдайлардан басқа барлық жағдайларға қолданылады.
Президент Тоқаев тиісті заңға қол қойды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →