×

«Кенішті тегін бере салды». Жәкішев «Буденовское» уран кенішінің үлесін сату жайлы сұмдықты жайып салды

«Буденовское» кен орны елдегі уран қоры бойынша ең бай кен орындарының бірі

«Кенішті тегін бере салды». Жәкішев «Буденовское» уран кенішінің үлесін сату жайлы сұмдықты жайып салды
фото: ашық дереккөзден

Қазақстандағы ең ірі «Буденовское» «Қазатомөнеркәсіп» уран кенішінің 49% үлесін сату қоғамда үлкен резонанс тудырды. Мәміле 1,5 миллиард долларға бағаланды, ресейлік «Росатом» компаниясы жаңа иесі атанды. Кәсіпкер әрі «Қазатомөнеркәсіптің» бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішев Арманжан Байтасовқа берген сұхбатында халық атышулы «сауданың»  егжей-тегжейлері, бір жарым миллиард долларлық мәміле қарапайым қазақстандықтарға не беретіні, сонымен қатар, кеніштің сатуға кімнің қатысы барын айтты деп хабарлайды qaz365.kz.

«Буденовское» кен орны елдегі уран қоры бойынша ең бай кен орындарының бірі. Ол әртүрлі компанияларға тиесілі жеті бөлімге бөлінген.
Бұған дейін «Росатом» қазақстандық Қазатомөнеркәсіппен төрт учаскеде жұмыс істеген болатын. Жақында ресейлік компания 6 және 7 нөмірлерімен тағы екі учаске сатып алды.
Осы учаскелердегі уран көлемі 114,2 мың тонна, кен орнындағы радиоактивті металдың жалпы көлемі 120,1 мың тоннаға бағаланады.

BaitassovLive YouTube арнасы үшін Арманжан Байтасовпен әңгіме барысында Мұхтар Жәкішев «Буденовскийді» сатуға қазақстандық кәсіпкер Александр Клебанов пен бұрынғы қазақстандық, қазіргі ресейлік олигарх Василий Анисимов тікелей қатысы болуы мүмкін екенін айтты.

«Қазақстандықтарға бұл келісімнен не пайда? Ешқандай. Қазақстан бұл кен орнын сатқан жоқ. Оны ресейлік олигарх Анисимов біздің кәсіпкер Клебановпен бірігіп сатты. Ақша Қазақстанға емес, «Қазатомөнеркәсіпке» емес, іс жүзінде олардың қалтасына түсті. Біздің кен орнымыз шамасы, Үкіметтің қолдауымен «Росатомға» сатылды. Ендеше Қашағанды американдықтарға сатайық?», – деді «Қазатомөнеркәсіптің» бұрынғы басшысы.

Жәкішевтің пікірінше, кен орнын сатудан қазақстандықтарға ешқандай пайда жоқ, тек еліміз 49%-ға «кедейленеді».

«Біз «Буденовскийден» ештеңе алмаймыз. Тек 49% кедей болдық. Бұл жерде заңды сұрақ туындайды: бұл бірлескен кәсіпорынды кім құрды? 49% Анисимов пен Клебановқа кім берді? Неліктен бұл бірлескен кәсіпорын құрылды? Оған «Қаңтар» оқиғасына дейін кім қолдап келді, енді «Жаңа Қазақстанда» кім дем беріп отыр?», – деді Жәкішев.

Кәсіпкер бұл кен орнына Ресейдің көзінің құрты түскеніне сенімді.Бұған дейін 5 кен орны Ресейдің иелігіне өткен, олар өз кезегінде Қазақстанға байыту зауытының 50% беруі тиіс болатын. Сонымен қатар, төрт кен орны Ресейге, ал бір кәсіпорын жеке тұлғаға, дәл сол Анисимовқа берілді. Содан кейін ол Қазақстанның уран саласында пайда болды.
Бүгінде бұл басқаша сипат алып отыр.

Олар «Буденовское» кен орнының қазба байлығында бірлескен кәсіпорын құрады және беймәлім себеппен «Қазатомөнеркәсіпке» Анисимов сынды серіктес қажет болды. Егер ресейліктермен бірлескен кәсіпорын құрғыңыз келсе, онда өзіміз сатайық. Бұл ақша бюджетке келіп, «Қазатомөнеркәсіпке» түседі. Біз «Жаңа Қазақстан» туралы айтып отырмыз, бірақ тіпті «ескі Қазақстанда» мұндай жағдай болған жоқ», – деді Жәкішев.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Депутат утильалым мөлшерін 150 мың теңгеден асырмауды ұсынды
Бүгін, 15:53

Депутат утильалым мөлшерін 150 мың теңгеден асырмауды ұсынды

Депутат өз сауалын премьер-министр Олжас Бектеновке жолдады
Депутат Әділет министрлігі өкіліне бірқатар сұрақ қойды
Депутат журналистердің сұрақтарына жауап берді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →