×

Тоқаев Үлкен Кремль сарайына келді

Ол Жоғары ЕАЭ кеңесінің отырыстарына қатысады

Тоқаев Үлкен Кремль сарайына келді
Telegram / Aqorda

 Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын және кеңейтілген құрамдардағы отырыстарына қатысу үшін Үлкен Кремль сарайына келді, деп хабарлайды Qaz365.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысына Қазақстан Президентімен қатар Ресей Федерациясының Президенті – ЖЕЭК төрағасы Владимир Путин, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, сондай-ақ Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев қатысады.

 

Сонымен қатар бейнебайланыс арқылы ЖЕЭК жанындағы бақылаушы мемлекеттерден Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Куба Президенті Мигель Марио Диас-Канель Бермудес және шақырылған қонақ ретінде Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон қатысады деп жоспарланып отыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ресей ресми түрде Ауғанстан Ислам Әмірлігін мойындады
Кеше, 11:40

Ресей ресми түрде Ауғанстан Ислам Әмірлігін мойындады

Владимир Путин Ресейдің Ауғанстандағы «Ислам Әмірлігін» ресми түрде мойындау туралы шешім қабылдады
Әзербайжан мен Ресейдің қарым-қатынасы шиеленіскен тұста «Sputnik Азербайджан» ақпарат агенттігі жабылып қалды
Талғат Алдыбергеновтің теміржол саласында 35 жылдан астам еңбек өтілі бар.
Адам капиталын арттыруды ынталандыру қажеттігіне назар аударды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →