×

Армения мен Әзірбайжан бір-бірінің территориялық тұтастығын өзара мойындады

Президент Әлиевтің айтуынша, Әзірбайжанның Арменияға қарсы территориялық талаптары жоқ

Армения мен Әзірбайжан бір-бірінің территориялық тұтастығын өзара мойындады
Фото: akorda.kz

Армения Премьер-министрі Никол Пашинян Мәскеудегі Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы аясында Армения мен Әзірбайжан бір-бірінің территориялық тұтастығын өзара мойындауға келіскенін жеткізді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

"Мен, өз тарапымнан, Армения мен Әзірбайжан бір-бірінің территориялық тұтастығын өзара мойындауға келіскенін растағым келеді әрі осы негізде біз қарым-қатынасымызды реттеуде өте жақсы ілгерілеуге қол жеткізудеміз деп айтуға болады", - деп ТАСС Пашинянның сөзін келтіреді.

Сондай-ақ ол жуырда Баку мен Степанакерттің салмақты сындарлы диалогы басталатынын атап өтті.

Президент Әлиевтің айтуынша, Әзірбайжанның Арменияға қарсы территориялық талаптары жоқ.

"Баку мен Ереванның бейбіт келісімге келу мүмкіндігі бар, әсіресе Армения Қарабақты Әзірбайжанның бір бөлігі ретінде ресми түрде мойындағанын ескерсек", – деп жауап берді Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиев.

Бұған дейін Мәскеуде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтіп жатқаны хабарланған болатын. Отырыста ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйледі, ол бірқатар бастамаларды атап өтті, оның ішінде Қазақстан Еуразиялық өнеркәсіптік кооперацияны дамыту орталығы ретінде әрекет етуге дайын екенін атап өтті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев Қырғызстан президентін Астана әуежайында күтіп алды
Бүгін, 17:15

Тоқаев Қырғызстан президентін Астана әуежайында күтіп алды

Ертең жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізілмек
Мас күйінде көлік жүргізетіндерді жүргізуші куәлігінен айыру мәселесі талқыланды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →