×

Қажеттілік жоқ: Тоқаев Лукашенконың ұсынысына жауап берді

Лукашенко Қазақстан Ресей мен Беларусь одағына кіру керек деген болатын

Қажеттілік жоқ: Тоқаев Лукашенконың ұсынысына жауап берді
Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кеше Беларусь пен Ресейдің одағына қосылуды ұсынған Беларусь президенті Александр Лукашенкоға жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Жақында Беларусь президенті Александр Лукашенко Қазақстанға одақ мемлекетке қосылуды ұсынды. Мен оның қалжыңын бағалаймын. Бірақ бізге мұндай қажеттілік жоқ деп ойлаймын, себебі басқа да интеграциялық бірлестіктер жеткілікті. Оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ бар.  Ядролық қаруға келер болсақ, бізге ол керек емес, себебі біз ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісімшартқа және ядролық сынақтарға тыйым салу жөніндегі шартқа қол қойғанбыз. Халықаралық құжаттар шеңберінде біз осы міндеттемелерге адал болып қаламыз», - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Қазақстан облысына жасаған сапарында.

Айта кетейік, бұған дейін «Россия» телеарнасының тілшісіне берген сұхбатында Қазақстанға одаққа кіруге ұсыныс жасаған еді. Ол Қазақстан Ресей мен Беларусь одағына кіру керек. Сонда бәрінде ядролық қару болады деген болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
ҚТЖ-ға Даниал Ахметовтің күйеу баласын төраға етіп қоймады
Кеше, 11:39

ҚТЖ-ға Даниал Ахметовтің күйеу баласын төраға етіп қоймады

Талғат Алдыбергеновтің теміржол саласында 35 жылдан астам еңбек өтілі бар.
Адам капиталын арттыруды ынталандыру қажеттігіне назар аударды.
Бұл тыйым заңда көзделген ерекше жағдайлардан басқа барлық жағдайларға қолданылады.
Президент Тоқаев тиісті заңға қол қойды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →