×

Жаңа тағайындалған Төтенше жағдайлар министріне қандай міндеттер жүктелді

Бұл ірі өрттердің алдын алу және су тасқыны мәселелеріне де қатысты

Жаңа тағайындалған Төтенше жағдайлар министріне қандай міндеттер жүктелді
primeminister.kz

 

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Төтенше жағдайлар министрлігінің ұжымына жаңа басшы – Сырым Шәріпхановты таныстырды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлихан Смайылов ведомствоның алдында азаматтық қорғау саласындағы Мемлекет басшысы мен Үкімет белгілеген бірқатар маңызды міндет тұрғанын атап өтті.

Бұл ретте қазіргі уақытта Абай облысындағы ірі табиғи өртті оқшаулау және жою аса маңызды.

Сонымен қатар Премьер-Министр мұндай жағдайлардың алу үшін арнайы шараларды орындау деңгейін арттыру маңызды екенін айтты.

«Сіз бүкіл процесті үйлестіріп отыруыңыз керек. Бұл ірі өрттердің алдын алу және су тасқыны мәселелеріне де қатысты. Біз осындай ірі төтенше жағдайлардың алдын алу үшін қажетті шаралардың барлығын қабылдап отыруымыз керек. Азаматтық қорғау органдарының жұмысы мен жылдамдығына көп нәрсе байланысты», – деді Әлихан Смайылов.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Юрий Ильинді Төтенше жағдайлар министрі лауазымынан босатқан еді. Оның орнына Сырым Шәріпханов келді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ерлан Қарин: Басқа мемлекеттен ақша алып, еліңді жамандау, сын емес сатқындық
20.07.2025ж. 22:39

Ерлан Қарин: Басқа мемлекеттен ақша алып, еліңді жамандау, сын емес сатқындық

Ол подкаст бағдарламалардың көбісінде саясатты талқыланатынын айтты.
Президенттік қызметке қайта кіріскелі Трамп сыртқы сауда саясатын қатаңдата бастады.
2006 жылдан 2024 жылға дейін бұл бағдарламамен 1,2 миллион адам Ресейге көшіп барған.
Ол 2017 жылдан бері қолданыстағы Салық кодексіне енгізілген түзетулерді қамтиды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →