×

Алтай Көлгінов атқарған жұмыстарын тізіп шықты

Алтай Көлгінов атқарған жұмыстарын тізіп шықты
Ашық дереккөздерден

Премьер-министрдің бұрынғы орынбасары Алтай Көлгінов Facebook желісіндегі парақшасында Қазақстан Үкіметінде жұмыс істеу ол үшін мәртебе болғанын айтып, атқарған жұмыстарын тізіп шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Үкіметте жұмыс істеу, әсіресе, әлеуметтік салаға басшылық жасау мен үшін үлкен мәртебе болғанын айтқым келеді. Бұл – маңызды әрі нәзік салалардың бірі», - дейді Алтай Көлгінов.

Ал Астанада әкім болғанда үлескерлердің мәселелерін шештім деп отыр. 

«Ондаған жылдан бері пәтер кезегінде тұрған 16 мыңға жуық үлескер отбасының 80 пайыздан астамының мәселесу шешілді. Сондай-ақ біз әлеуметтік нысандардың санын айтарлықтай арттырдық. Атап айтқанда 36 мектеп пайдалануға берілді. Тағы 9 мектеп аяқталу кезеңінде. Нәтижесінде екі ауысыммен барлығы 93 мың оқушыға жаңа орын. Біз 20 мыңнан астам әлеуметтік пәтер, 900-ге жуық аулалар мен қоғамдық орындарды салдық», - дейді экс-шенеунік.

Ол бұрын жаңбыр жауса, Астана көшелерін су басып кететін. Сол жұмыстармен жүйелі айналыстық деп айтты. 146 учаскеде су басу мәселесі шешілді деп отыр.

«Бұл – тұрғындардың игілігі үшін атқарылған жұмыстар мен үлкен ұжымның атқарған орасан еңбегінің бір бөлігі ғана. Мұның бәрі мемлекет басшысының үлкен қолдауының арқасында мүмкін болды. Сондықтан зор сенім үшін шын жүректен алғыс айтамын», - дейді Көлгінов.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бағдат Мусиннің орнына жаңа министр тағайындалды
06.05.2024ж. 16:14

Бағдат Мусиннің орнына жаңа министр тағайындалды

Президент тиісті жарлыққа қол қойды
Ол бұл қызметті төрт жылға жуық атқарды
Көлік құралдарына салынатын салық ставкалары төмендетілуі мүмкін
Тиісті бұйрық Ақорда сайтында жарияланды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →