×

Олардың Қазақстанға келуінің өзі соғысты насихаттау болып саналады: Досым Сәтпаев соғысты қолдайтын әншілер жайлы

Николай Басков пен Григорий Лепс украин танктерін жойғаны үшін әрқайсысы бір миллион рубльден төлеуге дайын екендіктерін білдірген

Олардың Қазақстанға келуінің өзі соғысты насихаттау болып саналады: Досым Сәтпаев соғысты қолдайтын әншілер жайлы
Kapital.kz

Саясаттанушы Досым Сәтпаев Ресейдің Украинға қарсы соғысын қолдайтын жұлдыздарды Қазақстанға шақыратындарды қылмыстық жауапкершілікке тарту керек деп санайды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

"Егер қалау мен саяси жігер болса, Лепс сияқты Украинадағы соғысты қолдайтын шоу-бизнестегі пропагандистерді Қазақстанға шақыратындардың бәрін Қылмыстық кодекстің бір бабымен жауапкершілікке тартуға болады, себебі олардың Қазақстанға келуінің өзі соғысты насихаттау болып саналады. Олар 2022 жылдың 24 қаңтарынан соң, әншілерден пропагандистерге айналды. Олар ертең ауыз көпіртіп, Қазақстанның егемендігі мен аумақтық тұтастығына күмән келтіретін болады”, – деп жазды Досым Сәтпаев.

Еске салайық, Ресей әншілері Николай Басков пен Григорий Лепс украин танктерін жойғаны үшін әрқайсысы бір миллион рубльден төлеуге дайын екендіктерін білдірген. Осылай деген әнші Қонаевте концерт өткізуді жоспарлап отыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуіне қатысты
16.11.2025ж. 15:00

Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуіне қатысты

Қазір Орталық Азия ауқымды трансформация кезеңін өткеріп жатыр
Жоғары мемлекетаралық кеңесі екінші отырысының қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдеме қабылданды
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, іскерлік топтар арасындағы байланыстарды одан әрі кеңейту қажет.
Өнеркәсіп, құрылыс, мұнай-газ химиясы, қаржы, логистика және туризм салаларында

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →