×

Мұрат Жүребеков Премьер-Министрдің кеңесшісі болып тағайындалды

Осыған дейін Ақтөбе қаласының әкімі болды

Мұрат Жүребеков Премьер-Министрдің кеңесшісі болып тағайындалды
primeminister.kz

Мұрат Өтемісұлы Жүребеков ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Qaz365.kz Үкімет сайтына сілтеме жасап.

Мұрат Жүребеков 1978 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген.

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін (1999), Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын (2001), Strathclyde университетін (Глазго, Шотландия, 2003), Гарвард бизнес мектебін (Бостон, АҚШ, 2013), Қазақстан-Британ техникалық университетін (2019) бітірген.

Әр жылдары «ҚазТрансГаз» ЖАҚ, «Интергаз Орталық Азия» ЖАҚ, Лондондағы «Аджип ККО», «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ және «PSA» ЖШС-да жауапты қызметтер атқарды.

2019 жылғы шілдеден желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасы энергетика вице-министрі болып қызмет етті, кейін энергетика бірінші вице-министрі болып тағайындалды.

2023 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында Ақтөбе қаласының әкімі болып қызмет атқарды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бағдат Мусин қызметінен босатылды
Кеше, 19:02

Бағдат Мусин қызметінен босатылды

Ол бұл қызметті төрт жылға жуық атқарды
Көлік құралдарына салынатын салық ставкалары төмендетілуі мүмкін
Тиісті бұйрық Ақорда сайтында жарияланды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →