×

Журналист Думан Мұхаммедкәрім тағы 2 айға қамалды

"экстремизмді қаржыландыру" ісі бойынша

Журналист Думан Мұхаммедкәрім тағы 2 айға қамалды
jambylinfo.kz

Журналист Думан Мұхаммедкәрім екі айға қамалды. Оған бұлтартпас шарасын қолдану туралы сот 22 маусым түнгі сағат 10-да өткен. Бұл жөнінде адвокат Ғалым Нұрпейісов хабарлады. Түнгі сағат 11-де журналист Талдықорғанның тергеу изоляторына этаппен жіберілген, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Азаттыққа сілтеме жасап.

Журналист Думан Мұхаммедкәрім 22 маусымда 25 күндік әкімшілік қамау мерзімі аяқталғаннан кейін бірден ұсталған. Ол "тыйым салынған ұйымның ісіне араласу" (405-бап, 2-бөлік) және "экстремизмді қаржыландыру" (258-бап, 1-бөлік) істері бойынша күдікті деп танылған. Істің қозғалуына журналистің қуғындағы экс-банкир Мұхтар Әблязовтан сұхбат алуы түрткі болған деп айтылады.

Құқық қорғаушылар билікті қатаң сынап жүрген журналистке ашылған істің саясиланғанын айтады.

Бұған дейін адвокаты жуырда ғана аштығын тоқтатқан Думан Мұхаммедкәрімнің денсаулығы нашарлағанын айтқан.

Еске салайық, журналист Думан Мұхаммедкәрім "Бейбіт жиын тәртібін бұзды" деген айыппен 25 тәулікке қамалған болатын. Сол кезде ол аштық жариялады. Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Думан Мұхаммедкәрімнен қоғамға қауіп жоқ екенін айтып, елімізде саяси қудалау бар деп санайтынын жеткізді. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі де оның қайта-қайта қамалуына байланысты пікір білдірді. Кейін Думан Мұхамедкәрімге "террористiк немесе экстремистiк әрекетті қаржыландыру және терроризмге не экстремизмге өзге де дем берушілік" (Қылмыстық кодекстің 258-бабы) бабы бойынша айып тағылған

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →