×

СІМ Лукашенко мен Назарбаевтың телефон арқылы сөйлесуіне түсініктеме берді

Айбек Смадияротың айтуынша, проблемалық мәселелер жоқ

СІМ Лукашенко мен Назарбаевтың телефон арқылы сөйлесуіне түсініктеме берді
Михаил Метцель / ТАСС / Forum

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев пен Беларусь басшысы Александр Лукашенконың телефон арқылы екі елдің қарым-қатынасын талқылағанына қатысты тілшілер сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Беларусь Президенті Тұңғыш Президенттің көптен бергі үзеңгілесі. Өздеріңіз білетіндей, сыртқы саясатты, оның ішінде шет мемлекеттермен қарым-қатынасты айқындау Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құзыретінде. Сондықтан Қазақстан-Беларусь қарым-қатынасы тек қазіргі президенттер арасында талқыланады», – деді Айбек Смадияров министрлікте өткен баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.

Оның айтуынша, Қазақстан мен Беларусь елі арасындағы қарым-қатынас стратегиялық сипатқа ие.

«Күн тәртібінде проблемалық мәселелер жоқ. Екі ел арасындағы барлық деңгейдегі тұрақты және басқа да байланыстар сақталады», – дейді ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →